Текст
"Бозтал ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-сінде 20-қазан сағат 12.00-де математика пәнінен 10-11 сынып арасында "Алтын түлек" олимпиадасы өтті. Олимпиадаға барлығы 9 оқушы қатысты. Жеңімпаз болған оқушылар 11-сынып Амантай Диляра 70 ұпай жинап 1-орынға ие болды. 10-сыныптан 1-орынға 80 ұпай жинаған Қайрат Мерей, 2-орынға Жарқын Марғұлан, 3-орынға Болатбек Жансая ие болды.