«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Бозтал ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі бойынша отбасы клубы жұмысы бойынша «Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында өтетін аудандық семинардың жоспары
2022-2023 оқу жылы. 04 қараша.
Семинардың ашылуы:
С.Р.Ж. Қайырлы күн, Семинарға қатысушы құрметті қонақтар, әріптестер, мектебімізге қош келдіңіздер!
№1. «Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру», мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтижесі шығып отырады.
Бүгінгі күні мектебімізде Ерейментау аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында аудан мектептері арасында алғаш рет отбасылық клубтар жұмысы бойынша семинар ұйымдастырылып отыр.
Отбасылық құндылықтар дегеніміз-отбасын құрып, мықты шаңырақ болу мен бала тәрбиелеуде қолданылатын ежелден келе жатқан ұстанымдар. Отбасы құндылықтары: өзара сыйластық, қолдау, адалдық, түсіністік, үлкенге-ізет, кішіге-құрмет, ауызбіршілік, сенім арту т.б. Отбасылық дәстүрлі құндылықтарға: салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, даналық сөздер, тыйым сөздер жатады. Жас ұрпақты отбасылық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі дер едім.
№2. Пролог: «Отбасы-бақыт мекенім» видеоролик көрсетіледі.
№3. «Ашық есік күні» .
2022-2023 оқу жылында тәрбие жоспарына арнайы «Үштік одақ» жобасы енгізілген болатын. Сол жоба аясында мектебімізде ата-аналар үшін қазан айының 18-і күні «Мектеп тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында және оқу-тәрбие жұмысын жан-жақты бақылау, ата-аналар үшін педагогикалық ағарту ісін ұйымдастыру, отбасылық қоғамды мектеп қызметіне белсене араласуға тарту мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді. Ата-аналар сынып сағаттарына, сабақтарға қатысып, пән мұғалімдерімен кездесіп сұхбаттасты. Мектеп психологі Асқарова М.Ж. ұйымдастырған көңілді тренингтеріне белсене қатысты. Ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді. (видеоролик көрсетіледі сол күннен)
№4. СРЖ: «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің»,- дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу –халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерін ұялаиу үшін мейірімді, қайырымды бола білуге, достыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу мақсатында Қамқоршылар күні өткізілді.
№5. Слайдта «Сырғалы қыз» суреті көрсетіліп тұрады.
СРЖ: Қазақ халқы қыз- болашақ ана, шаңырақтың берекесі деп, қыз баланың тәрбиесіне баса мән берген.
Құлағында сыңғырлаған сырғасы бар сұлулардың одан сайын көріктене түсері белгілі. Сырғалы сұлуларға қарап, ақындар өлең арнаса, сазгерлер сырлы ән шығарған. Ал, біз, осы қарапайым өмірде қыздың құлағын не үшін тескеніне үңіліп көрдік пе? Жалпы, қазақ аруларының құлағын қай жаста тескен, сырға салып қоюдың не мәні бар?
«Сырғалы қыз» диалог алаңы» видеосы жіберіледі.
(музыка әуенімен сахнаға ұлттық киім киген әже, келіндері шығады)
ӘЖЕ: Әлгі осы үйдің қыздары көрінбейді ғой. (жан-жағына қарап қыздарды іздей бастайды). Қайда жүр екен өздері?! Ойын қуып кеткен шығар, түге! (ойланып)
(Сахнаға жай киінген доп қуалаған қыздар, қуаршақ ойнаған қыздар шығады. Ойындарын тоқтатпай ойнай береді)
Әже: (қыздарды шақырады): Қыздарым-ау, бері келіңдер! Мына жүрістерің не? Сендер ер жетіп келесіңдер, қызға тән қасиеттерің қайда? Әлі доп қуып, қуыршақ ойнап жүрсіңдер?
(қыздар сөзге құлақ аспай ойындарын ойнап, доп қуалап, қуыршақ ойнаған беттерімен сахнадан түсіп кетеді)
Әже ойланып отырады, қыздардың сөзін тыңдамай кеткеніне
Осы кезде «Қазақ қызы» әні музыкасы ойналады, қазақша ұлттық киім киген алты қыз сахнаға шығады.
Әже: (қыздарға қарап) бері жайғасыңдар. Е, жаңа жарасыпсыңдар. Киімдерің қандай керемет! Нағыз қазақтың қыздары. Енді, менің сөзімді тыңдаңдар:
Қыз баланың өмірінде айтулы күн болады. Ол күн- қыз баланың құлағын тесу, сырға салу күні. Қыздың құлағын жеті жасынан бастап тескен. Мен де бүгін сендерге, айналайын, немерелерім, құлақтарыңа сырға таққалы келіп отырмын.
(музыка әуенімен екі келіні әжеге қыздарға құлақтарына сырға салуға көмектеседі)
Сырға тағып болған соң, сырғалы қыздар өз сөздерін айтады:
Жарыса төгілген бұрымымен. (сырғасымен, бұрымымен мақтанып)
Қыз сұлу көрінеді сырғасымен (сырғасымен мақтанады)
Ай, қабақ, қиғаш, қара қасыменен (шашын, қабағын, қасын көрсетіп мақатанды)
Сырғасы көрінеді жарасқандай. (сырғасымен мақатанды)
Шыдамды болады- қолынана келсе,
Сұлу болады- уақыт берсе,
Батыр болады- сынға түссе.
ӘЖЕ: Ал, қыздарым, сендер осы жасқа дейін доп қуып, қуыршақ ойнасаңдар, осы күннен бастап, сырғалы қыз болдыңдар, бүрмелі қыз атандыңдар. Енді сендерге доп қуып, қуыршақ ойнау жараспайды. Сырғалым болғаннан кейін қыз бала қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтап, ибалы қыз болуы керек. т.б.
Менің сендерге ақ батам: (әже бата береді)
Бата беріп болғасын, «Қазақ қызы» әні музыкасы қойылады, әже, екі келіні қыздарды жетелеп сахнадан шығып кетеді)
№6. Слайдтан «Әкеге қарап ұл өсер» видеосы жіберіледі
Бұл жерде Ахмет Бағдат баласы Есілмен қамшы өруді көрсетеді
(әкесі сөз айтады, одан әрі баласы жалғастырады):
Қамшы- атқа мінген адам ұстайтын бірнеше таспа қайыстармен көмкеріліп, өрілген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйіздерінен жасалған аттй айдап жүргізетін құрал.
Қамшының өрімі сабынана бір жарым еседей ұзын ұзын болады. Өрімші қамшының таспасын жіңішке не жуандатып, кейде өрімге талшық сымтемір салып өрген. Қамшы саптан, өрімнен, және бүлдіргіден тұрады. Саптың қолға ұстар жері былғарыдан қапталады, кейде қайыстан өрнектеліп өріледі. Қамшы өрудің көптеген түрі бар, соның ішінде үш таспадан, 32 таспаға дейін жететін түрі кіреді. Өрімдер домалақ, жұмыр, төртқырлы болып келеді. Бүгін мен сіздерге көрсетемін: өзі айтады сөзімен бала.
Нұрлан анамыз қызы Алтынаймен тақия тігу өнерін көрсетеді.
(анасы сөз айтады, одан әрі қызы жалғастырады)
Балалар жылы аясында ұйымдастырылып отырған:
«Өнерлі жастар-болашақ өркені» концерттік бағдарламасы
Орындаған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанова Р.Ж.