"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БОЗТАЛ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БОЗТАЛ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп директоры Сергазинова Г.Т. ата-аналарды мектепішілік есепке қою туралы жаңа қаулысымен таныстырды.

02.06.2023

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанова Р.Ж. жетекшілігімен Ақмола облысының білім басқармасының " Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мамыр айының 18-і күнгі N398 шығыс хаты негізінде 2023 жылдың мамыр айының 24-і күні "Жазғы демалыс мезгілінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" тақырыбында жалпы мектепішілік ата- аналар жиналысы өтілді. Жиналыс барысында ата-аналарға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанова Р.Ж. ата-аналар мен жасөспірімдердің әкімшілік жауапкершілігі, балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі туралы айтып түсіндірді. Мектеп медбике ісі Шамархан Г. Кәмелетке толмағандарға жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы инфекция лық аурулардың алдын алу бойынша дәріс берді. Мектеп  психологі Асқарова М.Ж. Буллингтің себептері, түрлері. Және суицидтің  алдын алу жолдары бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Ата-аналармен "Әдемі көздер" тренингін ұйымдастырды.Мектеп директоры Сергазинова Г.Т. ата-аналарды мектепішілік есепке қою туралы Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің 2023  жылы наурыз айының 3- ші күнгі нөмір 61 бұйрығы негізіндегі жаңа қаулысымен таныстырды.

 

 

Просмотров: 685


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст