Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанова Р.Ж. жетекшілігімен тәрбие жоспарына сәйкес отбасы клубымен бірлесе отырып, ата-аналар үшін "Ашық есік" күні өтілді. Бағдарламаға сай ата-аналар балаларының алгебра, қазақ тіл мен әдебиеті, ағылшын тілі, биология сабақтарына қатысып, білім деңгейлерін байқады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанова Р.Ж. "Қызды қымтап ұстаған ұялмайды" диалог алаңын өткізіп, қыз балалардың мәдени киінуіне байланысты ақыл-кеңестер беріп, "Сіз білесіз бе?" айдарында сұрақ-жауап өткізді. Мектеп психологі Асқарова М.Ж. "Балаға тыйым салынған сөздерді мәдениетті түрде жеткізу" тренингін өткізді. Ата- аналар белсенді қатысты. Кері байланыс жасалып, ата-аналар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Ашық есік күнін ұйымдастырған мектеп әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді.