Текст
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанова Р.Ж. жетекшілігімен қазан айының 18-і күні "Үштік одақ"жобасы аясында ата-аналар үшін ашық есік күні өткізілді. Ата-аналар сабақтарға, тәрбие сағаттарына қатысты. Пән мұғалімдерімен кездесіп балалардың оқу үлгерімі, тәртібі туралы білді. Мектеп психологі Асқарова М Ж.кездесіп, ақыл-кеңестермен ой бөлісті. Жалпы ата-аналар жиналысына қатысып, Асқарова М.Ж. өткізген тренингтерде белсенділік танытты. Өз ризашылықтарын білдірді.