«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі
Бозтал ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі бойынша
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жоспары бойынша
атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Жалпыға бірдей құқықтық оқу аптасына байланысты құқық пәнінің мұғалімі Қожахметова Ә.З. 8-11сынып оқушылары арасында «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында пікірталас ұйымдастырды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, пікірлерін білдірді.
Мектеп психологі Асқарова М.Ж. 9-11 сынып оқушылары арасында кәмелетке толмағандарға, отбасына қатысты зорлық-зомбылық фактілерін, бопсалау фактілерін анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанова Р.Ж. ай барысында жалпыға міндетті оқу бағдарламасы бойынша: оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуларын бақылады; жалпы білім алатын 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды анықтау мақсатында жұмыстарды ұйымдастырды. Оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуын бақылау негізінде себепсіз сабақ босататын оқушылар анықталмады. Жалпы білім алатын 6 жастан 15 жақса дейнігі балаларды анықтау нәтижесінде оқумен қамтылмаған оқушылар анықталған жоқ.
«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі
Бозтал ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі басшысы Секуов Ә.Ж.
Орындаған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанова Р.Ж.
Тел.36-3-21, 87026267812