"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БОЗТАЛ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БОЗТАЛ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие жұмысы туралы бірінші жарты жылдық ЕСЕП

Бозтал орта мектебі бойынша бірінші жарты жылдық барысында              атқарылған тәрбие жұмысы туралы ЕСЕП

 

Мектеп  оқушыларының әлеуметтік құрамы 01.09.2019 ж. Көп балалы отбасынан- 14 бала, Аз қамтылған -2 оқушы, (Оспанов Ернур  7-сынып, Ажиханова Бекзат  10 - сынып). Қамқоршысы бар бала- 1, Жантуғанов Алишер 7-сынып.  Мүгедек (үйден оқытылатын) – бала жоқ, мүмкіндігі шектеулі- жоқ,  «Д» есепте  тұрған- 0, АІІБ (РОВД), КТБИ (ИДН), МІБ (ВШК) тұрғандар – 0. Толық емес жанұя  -12. Жаппай оқыту қорынан 2019-2020 оқу жылы (барлығы 10 бала) тегін ыстық тамақпен тамақтанады. Оның 5-еуі  бастауыш сыныптан, төртеуі 5-8 сыныптан, біреуі-10 сыныптан. (Негізі оқу жылы басында он бала болған, біреуі кетті-Бәден айша 3-сыныптан). Мектепте спорт секциялары:   волейбол, баскетбол, теннис, тоғызқұмалақ жұмыс жүргізеді. Жетекшісі дене шынықтыру мұғалімі Даулов Е.С. Барлығы 68 бала қамтылды. Мектепте  «Әдебиет әлемі»,(Шайхудинова А.С.). «Жас суретшілер» Қолғанат А. «Тіл-халық байлығы»  тулеубаева Р.А. «Жас экологтар»  Жумабекова М.С. «Жас математиктер» Қаңтарбаева Ж.С. «Сұңқар»   әскери патриоттық Жаниев Қ.Қ.  үйірмелері жұмыс жасайды.   Барлығы 58  бала қамтылды.  Биылғы оқу жылында Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы  ұсынған тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері бойынша 8 бағытты басшылыққа ала отырып тәрбие үрдісінің жылдық жұмыс жоспары құрылды.

1. Азаматтық – патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие

2. Рухани – адамгершілік тәрбиесі

3. Отбасы тәрбиесі

4. Рухани тәрбие

5. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

6. Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие

7. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру

8. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.  

Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, сыңғырлаған қоңырау үнімен табысатын күн. Бозтал орта мектебінде өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру, жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру мақсатында 1-қыркүйек – дәстүрлі білім күні мерекесіне орай, «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. Бұл мерекеге арнайы Ерейментау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту орталығының басшысы Жылқыбаев С.Қ., мектебіміздің ұлағатты әрі ардагер ұстаздары Сулейменов С.Б, Қайырбаева К.Қ., Тусупова Ш.Т., Ибраева Ғ.Қ. және ауылдық округтің әкімі Мұқанов Қ.С. қатысты.

Ең алғашқы мерекені директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанова Р.Ж. мектеп оқушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, биылғы оқу жылының атаулы оқиғаларымен таныстырып өтті. Салтанатты жиынның жүргізушілері 10-сынып оқушысы Саулебек Ақжалын және 9-сынып оқушысы Кайроллаева Ақбота өз кезектерімен келген қонақтарға сөз кезектерін бере отырып, алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы тұрған жас бүлдіршіндерге өздерінің жылы лебіздерін айтып жеткізді. Мектеп директоры Секуов Ә.Ж. құттықтау сөз айтып, мектебіміздің биылғы түлеп ұшқан түлектерінің қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып өтті. Оқу ісінің орынбасары Абыкеева Б.Қ. өзінің құттықтауын арнап, мектеп оқушыларын арнайы бұйрықпен таныстырды. Мектебімізге жаңа оқу жылында келген жас мамандармен таныстырып өтті.Жылдағы дәстүр бойынша ауылдық округтің әкімі Мұқанов Қ.С. ең алғаш рет мектепке келген бірінші сыныптың жиырма бір баласына өз тарапынан портфель және оқу-құралдарын сыйға тартты.1-сыныпқа келген жас буын өкілдері өздерінің дайындап келген ән, би, өлеңдерін нақышына келтіре орындап, барша қауымды ризашылыққа бөледі. Алғашқы қоңырау мерекесі «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты тәрбие сағатымен жалғасын тапты. Барлық сыныптарда алғашқы тәрбие сағаты өтілді. Ұстаздар қауымы бұл шараға жақсы дайындықпен келіп, түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңа технологияларды қолдана отырып өткізді.

Бозтал орта мектебінің ұстаздар қауымы 2019 жылы 2-ші қыркүйекте «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Елбасы Қасым Жомарт  Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен танысты. Таныстыру жұмысын тарих пәнінің мұғалімі Қожахметова Әлия жүргізді. Жолдауда қарастырылған барлық мәселелер талқыланды. Оның ішінде ұстаздар қауымына қатысты келесі жылдан бастап жалақының 25 пайызға  өсетіндігі ерекше әсер берді. Жолдауда айтылған ауылдарды көтеру, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамту, дипломмен ауылға, кәсіп және шағын бизнес  т.б. игі шаралар болашақта  жүзеге асырылатын болса халықтың әл-ауқаты да жақсаратыны сөзсіз- деген пікірлер айтылды.

«Ақмола облысының Білім басқармасы» Мемлекеттік Мекемесінің 06-044391 26.08.2019 жылғы шығыс хаты негізінде  «Адалдық сағаты» өткізілді. Адалдық пен парасаттылықты тәрбиелеу қазіргі білім берудің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осы ретте, өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында  «Адалдық сағаты» барлық сыныптарда өтілді. «Адалдық сағатына» жергілікті жердің ауылдық округтің әкімі Мұқанов Қанат Сарбасұлы қатысты. «Адалдық сағатында» өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарды, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарлары, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктері кеңінен түсіндірілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлдыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 29.01.2019.№05-09265 шығыс хаты 30.01.2019.№07-17624 кіріс хаты негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен  «Lntegrity Shop» жобасын (адалдық дүкендерді) іске асыру бойынша  «Адалдық дүкені» ашылып өз жұмысын жалғастыруда.  Ата-аналар ұжымы да таныс болды.

2019 жылы қыркүйек айының 25-сі күні «ХХІ ғасыр Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» тақырыбында барлық сыныптарда ата-аналар конференциясы өтілді. 10-сыныптың сынып жетекшісі Кульжаханова А.Ж. «ХХІ Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» тақырыбында ата-аналарға баяндама дайындады.  Баяндамашы өз баяндамасында отбасындағы тәлім-тәрбие беру, өз-өзіне қол жұмсау, девиантты мінез-құлық мәселелері туралы сөз қозғады. 9-сыныптың сынып жетекшісі Қожахметова Ә.З. «Ата-ананың бала алдындағы міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Ата-аналарды үш топқа бөліп, әр ата-ана өз ой-пікірлерін айтып ой бөлісті. Мектеп психологі Асқарова М.Ж. «Бірге болайық»  атты ата-аналар арасында тренингтер өткізді. Конференция барысында ата-аналарға бейнефильмдер мен слайдтар көрсетілді.

2019 жылы қазан айының үші күні эко сағаты өтілді. Сағат барысында барлық сыныптарда сынып сағаттары өтілді. Сонымен қатар мектеп оқушылары «Табиғатты аялайық» ұранымен мектеп жанындағы ағаштарды қопсытып, бейсенбілік жұмысын жүргізді. Барлық сынып оқушылары белсенділік танытты. Ауыл маңы қоқыстан тазартылып тазалық жұмысы өтілді.

 «Салауатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша «Денсаулық фестивалі өтті. Бұл фестивальге барлық сынып оқушылары және сынып жетекшілері тегіс қатысты.  15 – 22 қыркүйек аралығында  арнайы жоспар құырылып, «Тілдер апталығы» өтілді. Бұл апталықта жоспар бойынша іс-шаралар уақытында жүргізіліп, аудандық білім бөліміне есеп фото түрінде уақытында жіберіліп отырды. Гуманитарлық әдістеме бірлестік жетекшісі Шайхудинова А.С. жетекшілігімен аудандық білім бөліміне арнайы папка жасалып тапсырылды. Нәтижесі папка бойынша мектебіміз мақтау қағазына ие болды.

                                   

30-қыркүйекте 10-9 -сынып оқушыларының және  балалар ұйымының жетекшілігімен «Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбында ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтілді. 1 қазан «Қарттар күні» мерекесі қарсаңында «Тимуршылар» жасағы құрылып, кесте бойынша жалғыз басты, көмекке зәру болып отырған егде жастағы адамдарға көмек көрсетті. (Байшахметова Тиыштық апа, Алтайбаев Жақсылық аға). «Қарттарым-асыл қазынам» атты әкімшілікпен бірлескен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Аудандық білім бөліміне есеп уақытында фотосымен бірге жіберілді.

                             

Қараша айында аудандық «Үлгілі отбасы-мемлекет тірегі» тақырыбында өткен әкелер форумына мектебімізден екі әке Рахман Саулебек, Жаниев Қ.Қ. тренингтерге  қатысып белсенділік танытты. 9-сынып оқушысы Қайролла Ескендір «Мен және менің әкем» бейнеролигін, 9-сынып оқушысы Серік Аңсар «Менің арманымдағы үй» макетін дайындап белсенділік танытты. 8-сынып оқушысы Молдашев Нұрдаулет «Мен және менің дарынды әкем» тақырыбында эссе жазып, аудан бойынша бірінші жүлделі орынға ие болды. «Ақмола облысының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі 27.11.2019 жылғы 06-046723 шығыс хаты негізінде ҚР тұңғыш президент күніне орай  барлық сыныптарда «Заманауи Қазақстан Елбасының көшбасшылығы сабақтары» жалпы республикалық ашық сабақтармен жалғасты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының қоры ұсынған «Өзгерістер қуаты», «Қазақстан патриоты» деректі фильмдерінен слайдтар мен бейнематериалдар көрсетілді. «Қазақстан-2030» стратегиясын асыру жолдары тақырыбында  9-10 сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс-шара өтілді. Бастауыш сынып мұғалімдері бастауыш сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу және сурет сайысын өткізді. «Көшбасшының жолы» атты тақырыпта 5-8 сыныптар үш тілде шығарма жазды. Барлық сыныптарда «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары» деген тақырыпта ашық сабақтар өтілді. Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында үш буын оқушылары «Тәуелсіздік-тұғырым» атты қабырға газеттерін шығарды. «Менің елім-тәуелсіз Қазақсатан» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында сурет байқауы өтіп, 4-сынып оқушысы Қабденова Жанар І орынға ие болды.

   9-сынып жетекшісі Қожахметова Ә.З. «Мемлекет  тарихы- елімнің тарихы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты оқушыларға тәрбиелік мән бере білді. Кәсіподақ ұйымының төрағасы  Жаниев Қ.Қ. ұйымдастыруымен мектеп ұстаздары мен мектеп қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өткізілді. Қызметкерлер жас шамасына қарамай белсене қатысты. Жаңа жыл қарсаңында сынып бөлмелерін, дәліздерді безендіру жұмыстары жүргізілді. Бұл орайда Тулеубаева Р.А., Жумабекова М.С.,Шайхудинова А.С., Қыздарбекова А.Р. еңбектерін ерекше атап өтер едім. Жаңа жылдық қабырға газеттері шығарылды, ең керемет газет даярлық тобы Амиржанова Ү.А., 10-сынып Кульжаханова А.Ж. Жаңа жылдық жасыл шырша тойы өткізілді ұйымшылдықпен, барлық сыныптар қатысты. Әсіресе 10 және 9-сынып оқушылары мен сынып жетекшілеріне алғыс айтамын. Мектеп кітапханашысы 30 тамыз Конституция күніне арналып кітап көрмесі ұйымдастырды. Мақсаты: балаларға өз құқықтарымен, міндеттерін терең білуге шақырады. Қыркүйек айында, 1 қоңырау  білім күніне арналып, салтанатты жиын өткізілді.Кітапхананың жылдық жоспары тексерілді және мектеп әкімшілігінің рұқсатымен бекітілді.Осы айда сонымен қатар кітапханашы әр сыныпқа кітаптарын табыстады, оның ішінде көп балалы және отбасы жағдайы төмен оқушылар оқушылар оқулықтармен толық қамтамасыз етілді. Қазан айында ұстаздар күніне арналып, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Оның мақсаты: оқушылардың ұстаздарға деген құрметін арттыру. Қазан айы бойы қарттар күніне арнап, мектеп оқушылары қарттарға көмек көрсетті және мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ондағы мақсат: кішілер қарияларды сыйлап, оларды құрметтеуге шақыру. Қазан айында

С .Сейфуллиның 125 жылына кітапханада көрмесі ұйымдастырылды  және өмірімен таныстырылып поэзия кеші өткізілді. Оның мақсаты: ақынның өмірін біліп,оған деген құрметін арттыру. Білім басқырмасымен кезекті жиын өткізілді. Қазіргі күні кітап жетпегенінен жиналыс болды. Жана оқулықтар мектепке жеткізіп, таратылды. Мектептін бірінші қабатында буккроссинг ұйымдастырылды. Оның мақсаты:оқушылар бір-бірімен кітап ауыстырып отыру. Қараша айында ұлттық төл теңге күніне арнап, мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға өз төл теңгелерінің бағасын түсіндіріп, оны қастерлеуге. Қараша айында кітапханашылар  күніне арнап, мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға кітапханашылардың жұмысын бағалап, түсіндіріп, оны қастерлеуге шақыру. Желтоқсан айында тұңғыш Президент күніне арналып, мектеп кітапханасында көрме жасалды және дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оның мақсаты: Оқушыларға тұңғыш Президентімізді құрметтеудің маңыздылығын үйретеді. Осы айда Тәуелсіздік күніне арнап, кітап көрмесі жасалды, және кішігірім концерт ұйымдастырылды. Оның мақсаты: Тәуелсіз мемлекеттің қадірін ұғуға шақыру.  Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.Сонымен қатар бұл айда желтоқсан құрбандарына арнап тағы бір кітап көрмесі жасалды және мектеп ішінде еске алу кеші ұйымдастырылды. Оның мақсаты: балаларды желтоқсан батырларын ұмытпай, құрметтеуге шақыру. Аудандық шақыру.әр іс шараларға белсене қатысу. 23 желтоқсан күні аудан бойынша кітапханашыларды аудандық білім басқармасымен кездесуге шақырылды. Шақырудың мақсаты: оқушылар оқулықтармен толық   қамтамасыз етілді. Аға тәлімгердің жетекшілігімен «Жас Ұлан, Жас Қыран» ұйымдары жұмыс жүргізеді. Жұмыс әр министрлікке бекітіліп берілген. Барлық оқушылардың мектепке сабаққа келуі қадағаланып отырылды. Тоқсан барысында себепсіз сабақ босатқан оқушылар анықталмады. Құқықтық тәрбиеге байланысты арнайы папка дайындылды. Оқушылардың тізімі жасалды. Қыркүйек айының 18 күні құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қыран» жас инспекторлар ұйымы мүшелерінің қатысуымен оқушылар арасында жергілікті уәкіл инспекторы Исенов Е.Ж. «Әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыс болдырмау» және «Жол қауіпсіздігі» атты тақырыптарда дәріс оқыды. Бастауыш, орта және жоғары буын оқушылары арасында «Күзгі бал» мерекесі өтілді. Қарттар айлығы қарсаңында Тимуршылар жасағының жоспары құрылды. Олар жалғыз басты қарттарға, егде жастағыларға көмекке барды (ауласын сыпырды, ағаш жарды, көмір енгізді). Жергілікті әкімшілікпен бірлескен «Қарттарым-асыл қазынам» атты мерекелік концертке қатысты. Бұл жұмыстың есебі фотосуретімен аудандық  бөліміне тапсырылды.   2 – ші тоқсанда біз «Жас Ұлан» ұйымының төрайымы және министрлер  жоспарға сәйкес жұмыс істей бастадық  Мадениет министрі Кайролла Ескендір, 10 – сынып оқушыларының ұйымдастырумен «Жастар болашағы нашақорсыз» іс шарасы бойынша  орта буын оқушыларына арасындарында флещ моб биледі. Қараша айында «Мен және менің полицейім» науқаны аясында Ерейментау ауданы УПИ ЖПҚ – ның капитаны Е.Ш.Айтмагамбетов  қараша 27 –і күні  келіп мектеп оқушыларымен кездесті . Ол. мектептің ішкі тәртібін сақтап мұғалімнің рұқсатынсыз ешқайда кетпеуін, оқыс жағдайларды болдырмау, болған жағдайлар бойынша хабарлап, керектілігің  ескертіп отыруын айтты. Оқушыларды мектепте және қоғамдық орындарда өздерін қалай ұстап жүруді , бір біріне балағат сөз айтпауды , қоршаған ортаға зиян келтірмеу туралы түсіндірді. 1 – желтоқсан Президент күніне орай  мектеп оқушылары арасында шахматтан және дойбыдан сайыс өткізілді. Ондағы  максаты:  .                                                                                         
1. Оқушылардың білімділік, ойлау  қабілеттерін дамыту. Шахмат сайысында 1-орынды  5 – сынып оқушысы Ережепов Сағындық .2, 3 орынды 6 –сынып оқушылары  Болатбек Ж хәне Маханбетова А жеңіп алды.  Ал дойбы жарысынан 1-орынды Шыңгілбай Қ, 2, 3 орындарды 6-сынып оқушысы Қайрат М және 5 –сынып оқушысы Ержан А алды . Осы шахмат ойынында белсенділік танынытып жақсы  қатысқан  5 –сынып оқушысы Сардарбеков Ерсін марапатталды. Желтоқсан айында  ҚР – сы  Тәуілсіздік мерекесі қарсаңында 1 – сынып оқушыларын  «Жас Қыран»  ұйымына  қабылдау салтаната жиын болып өтті . Мақсаты : Өскелең ұрпаққа  өз елінің патриоты болуға  тәрбиелеу. «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау  салтанатты рәсімінде әр сыныптың топ басшылары «Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымының төрайымы  Қайроллаеваға мәлімдеме тапсырды. 1 – сынып  оқушылары  мектеп оқушылары алдында  АНТ қабылдады. 1 – сынып оқушысы Әділбек Е.   «Жас Қыран» антын жатқа  айтып қалған 1 –сынып оқушылары қосылып отырды. «Жас Қыран»  ұйымына қабылданған  оқушылар   өз өнерлерін көрсетті..  1 - сынып оқушыларына 10- сынып оқушылары және ауыл тұрғындары Молдашева Т. , Кирикбаева А.С   көгілдір галустук пен  «Жас Қыран»  төс белгісін тақты.  Салтанатты жиында мектеп директоры Ә.Ж.Секуов  директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары Р.Ж.Сақтағанова және ардагер мұғалім Ибраева Ғ.Қ .  1 – сынып оқушыларын құттықтап сөз сөйледі. Осылайша «Жас Қыран» ұйымына қабылдау өз мәресіне жетті.   

 

  

 

Әр апта сайын жоғарғы сынып оқушылары  кезекшілік міндетін атқарып отырады. Тазалық министрі Бекжигтова  Д . оқушылардың және  сыныптардың  тазалығын үнемі тексеріп қадағалап отырады. Спорт министрі  Декен Б.  оқушылармен  жәәне денешынықтыру пәні мұғалімі Е.С.Дауловпен бірге  мектепте аумақтық жарыстар ұйымдастырып отырады. «Қыран» жас полиция көмекшісі  тобының басшысы Серік А күнделікті оқушылардың сабаққа келгенін және тәртібін қадағалап тексеріп мәлімдеме                    беріп отырады. Әр сынып  жаңа жыл қарсаңында қабарға газеттерін шығарды.       

 

           

 

  

Мектеп медбикесі оқу барысында оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуы тексеріп отырылды. Себепсіз сабақ босатқан оқушы болған жоқ. Оқушылардың тазалықтарын бақылап отырды. Жыныстық тәрбиеге байланысты айлық барысында оқушылармен келесідей жұмыстар атқарылды: 6-10 сынып қыздарына «Қыз бала гигиенасы» тақырыбында дәріс оқылды. 8-10 сыныптың оқушыларымен «Қыз қылығымен» тақырыбында әңгіме дәріс оқылды. Жыныстық қатынасқа байланысты қыздар арасында «Болашағыңа балта шаппа», ұлдар арасында «Біз- болашақтың дені сау ұрпағымыз» тақырыбында ашық әңгіме өткізілді. «Тұмаудан сақтанайық» атты айлық өткізілді. Санбюллетень  шығарылды, кабинетте тұмауға байланысты түрлі плакаттар ілінді. «Сары ауру қайдан болады?» деген тақырыпта оқушылармен түсіндірме жұмысы жүргізілді. «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында барлық сыныптарда түсінідрмелі сағат өтілді.Мектеп психологі  құқықтық тәрбие негізінде суицидтік мінез-құлыққа байланысты алдын алу шаралары бойынша жұмыстар атқарылды. Жыныстық тәрбиеге байланысты айлық барысында 8-10 сынып оқушыларымен  түсіндірме жұмысы жүргізілді. 7-11 сыныптың қыздарымен қыз баланың психологиялық даму ерекшелігіне байланысты болатын қиыншылықтардың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілді. 7-10 сыныптардың ата-аналарымен «Ерте жүктіліктің алдын алу шаралары» тақырыбында жиналыс, кеңес өткізілді. 5-10 сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша әңгіме өтілді.

 

                  

 

Мектеп директоры Секуов Ә.Ж.                                                                                             Орындаған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанова Р.Ж. 

Тел.36-3-21.

Жаңартылған күні: 25.08.2021 15:45
Құрылған күні: 10.11.2020 07:02

Текст