«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы білім бөлімі бойынша
Бозтал ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
білім беру қызметінің өзін-өзі бағалауы туралы қорытындысы
Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер:
1) Мекеменің атауы: «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Бозтал ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Пайдалануға берілген жылы: 10.01.1982 жылы ашылған, типтік ғимаратта орналасқан, 3 қабатты шағын жинақты мектебі. Шағын орталықтың сыйымдылығы 25 орын, мектептің сыйымдылығы – 365 орын
Жалпы мектептің ауданы - 7910 ш.м, оның ішінде жалпы шағың орталықтың ауданы - 135,3 ш.м; жалпы мектептің жұмыс ауданы – 1849,1 ш.м.
2) Білім беру ұйымының орналасқан жері: 020800, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Бозтал а.о., Бозтал а., Тәеулсіздік көшесі, № 13б үй
3) Заңды тұлғаның байланыс деректері: 87163336321, 87785029462, электронды поштасы Gulnar Sergazinova@mail.ru.
4) Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері: Сергазинова Гульнара Темирбулатовна, 2023 жылғы 03 сәуір айының №39 бұйрықпен тағайындалған.
5) Құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары: Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Жарғы Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жыл 05 қаңтардағы А-1/1 қаулысымен бекітілген.Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама 2021 жыл 15 қаңтарда берілген.
6) Рұқсат беру құжаттары: Жалпы негізгі білім беру қызметімен айналысуға құқық беретін мемлекеттік лицензия: 2021 жыл 08 ақпан №KZ81BFA00123158, мерзімі– шектелмеген.
(көшірмелері қосымша ұсынылады).
Бозтал ауылының жалпы орта білім беретін мектебі 2022-2023 оқу жылында «Білім беру мен тәрбие үрдісінде инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында жұмыс жасады.
Мақсаты: Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті, білімді және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Міндеттері:
Параграф 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
9.Тәрбие және оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар:
2022-2023 оқу жылдары Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында және мектепалды сыныптарында тәрбие - білім беру процесін ұйымдастыру туралы нұсқаулық-әдістемелік хатқа сәйкес және келесі нормативтік құқықтық актілер негізінде оқу-тәрбие жұмысы бойынша жылдық жоспарлар әзірленді:
-Мектепалды сыныптары тәрбиелеу-білім беру қызметін:
1) «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29031 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығымен (нормативтік құқықытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8275 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары
2) білім беру қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – МДТО үлгілік оқу бағдарламасы) және білім беру бағдарламаларына (вариативті, жеке, бейімделген, қосымша) сәйкес іске асырылды.
- Қазақстан Республикасы Оқу -ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрғымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29329 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын «бұдан әрі-Үлгілік қағидалар) сақтау:
Тәрбие-білім беру процесі: өтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға; циклограммаға; тәрбиеленушілердің жетістіктерінің мониторингіне (бастапқы, аралық, қорытынды) сәйкес жүзеге асырылады. Оқу жылына арналған перспективалық жоспарды тәрбиешілер мен басқа да педагогтар жасайды. Жоспарланған өтпелі тақырыптар, олардың дәйектілігі мен саны педагогикалық кеңесте қаралады және бекітіледі. Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында педагог перспективалық жоспарға сәйкес циклограмма жасайды.
Тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мына бағыттар бойынша:
- физикалық дамыту;
- коммуникативтік дағдыларды дамыту;
- танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту;
- шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту;
- әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы іске асырылады.
Жоғарыда аталған нормативтік-құқықтық актілер негізінде оқу жұмыс жоспарлары мен сабақ кестелері жасалды.
2022-2023 оқу жылына арналған апталық оқу жүктеме сағаттары мектеп жасына дейінгі шағын орталығының кіші топта (2 жастан бастап) ұйымдастырылған іс-әрекет: «Дене шынықтыру» сабағы – аптасына үш рет, Дене шынықтыру**- күн сайын, «Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет» - күн сайын, «Қоршаған ортамен танысу» - күн сайын; «Сенсорика» - күн сайын, «Құрастыру» – күн сайын; «Сурет салу» - күн сайын, «Мүсіндеу» - күн сайын, «Жапсыру» - күн сайын, «Музыка***»- күн сайын, «Музыка»- аптасына бір рет;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы - 10-15 мин.
Орта жас тобында (3 жастан бастап) ұйымдастырылған іс-әрекет: «Дене шынықтыру» сабағы – аптасына үш рет, Дене шынықтыру**- күн сайын, «Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет» - күн сайын, «Қоршаған ортамен танысу» - күн сайын; «Құрастыру» ; «Сурет салу» , «Мүсіндеу» , «Жапсыру» - күн сайын, «Музыка****»- күн сайын, «Музыка»- аптасына бір рет; «Қазақ тілі»- аптасына бір рет, «Қазақ тілі***» - күн сайын; «Математика негіздері» - күн сайын;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы - 15-20 мин.
Мектеп алды даярлық сыныбында (5 жастан бастап) ұйымдастырылған іс-әрекет: «Дене шынықтыру» сабағы – аптасына үш рет, Дене шынықтыру**- күн сайын, , «Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет» - күн сайын, «Сауат ашу негіздері» - аптасына екі рет; «Қазақ тілі»- аптасына екі рет, «Қазақ тілі***» - күн сайын; «Математика негіздері» - күн сайын; «Құрастыру», «Сурет салу», «Мүсіндеу», «Жапсыру»,«Құрастыру» - күн сайын; «Музыка»- аптасына екі рет; «Музыка****»- күн сайын; «Қоршаған ортамен танысу» - күн сайын.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы - 25-30 мин.
2022-2023 оқу жылында шағын орталығындағы ортаңғы топта және мектеп алды даярлық сыныпта «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы.
Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың мемлекеттік стандартына сәйкес балаларды шағын орталықта тәрбиелеу мен оқытудың психологикалық – педагогикалық негізіне қойылатын талаптар жүйесі кіреді десек, шағын орталықта осы талаптар жүйелітүрдеорындалған . Шағын орталықта бес білім беру саласын негізге ала отырып дамытушы орта ұйымдастырылған.
Бала өмірін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін материалдық – техникалық, санитарлық – гигиеналық психологиялық – педагогикалық, эстетикалық жағдайларды кешенді ұйымдастыру ескерілген. Пәндік – дамытушы ортада баланың құрдастарымен , заттық обьектілермен жеке жұмыс , өзара іс – әрекетпен тәжірибе бөлісуге жағдай жасалынған. Балалар ойын жиһаздарымен қамтамасыз етілген: дүкен, шаштараз, дәріхана, табиғат орталығы, шығармашылық бұрышы керекті құралдарымен жабдықталған. Тәрбиеленушілер өз қалаулары бойынша боямақ, бастыру трафареттері арқылы жұмыс жасауға жағдайлар жасалған. Жаңа технологиялардың элементтерін қолдану мақсатында «БТТШ»/ Триз/ «Қызықты математика» кұралдары, Зайцев технологиясы элементтерін, ұяшықтарға салынатын пішіндер, кестелер, «Деньеш» технологиясының әлементтерін қолдануға арналған бастыру әдістерінің құралдары/жемістер, жануарлар/ жинақталған. Монтессори технологиясының әлементтерін қолдануда фетрден тігілген құралдар, балалардың саусақтарының, үсақ моторикасын дамыту мақсатында-түймелеу/алма ағашына алмаларды орналастыру, сыдырмақтар және т.б күннің екінші жартысында қолдану ұйымдастырылған.
Педагогтар төмендегідей мақсатты алға қоя отырып, жұмыс жасайды :
Ойын құралдарына келетін болсақ, топта денсаулық аймағы бойынша таңертенгілік жаттығуларға арналған құралдар ( сылдырмақтар, жалаушалар, доптар т.б) бар. Қимылды ойындар атрибутары және ойындар мазмұндары жазылған жинақтар жасалынған.
Оқу іс – әрекеттерінде пайдаланылатын дидактикалық және үлестірмелі материалдар жеткілікті.
Шағын орталықта баланың логикалық дамуына мүмкіндік жасалып, ойын бұрыштарында даму ойындары койылған.
Шағын орталықтың алға қойған мақсаттарының бірі бала денсаулығын нығайту болса, сол мақсатты жүзеге асыру үшін мына міндеттерді орындауды алға койған:
МАД тобы педагогі ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың қызығушылықтарын ескереді, әр баламен сөйлесіп, пікірін тыңдайды. Баланы өзінің әлем туралы түсінігін құру құқығы мен мүмкіндігі бар және өз бетінше үйренуге белсенді қатысушы ретінде қабылдайды. Балаларды оқытуда оларды шаршатпай, баланың ынтасын, пікірін және тілегін ескере отырып, бала үшін қызықты ойын түрінде өткізеді. Ұйымдастырылған оқу қызметінің басынан бастап соңына дейін алдын-ала жоспарланған ойын түрімен өткізуге немесе ойынды өткен материалды бекітуге қолданады. Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбына сәйкес ойынды алдын-ала таңдайды, өз бетінше құрастырып, сондай-ақ балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, сабақты түрлендіріп өткізеді. Сондай-ақ, ҰОҚ-ін үнемі тек топ кабинетінде үстел үстінде ғана емес, ойын алаңында, сонымен бірге балалар үшін жайлы жағдайларда өткізеді. Ойын барысында педагог балалардың өз тәжірибелерін оң және теріс деп талдайды, өз эмоцияларын реттеуге үйретеді, сондай-ақ өмірлік маңызды дағдыларды дамытады.
Осы алынған міндеттемелер серуен барысында қимылды ойындар таңертеңгілік жаттығу, сергіту жаттығулары, дене тәрбиесі оқы іс – әрекеттерінде жүзеге асырылған.
4) баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектепалды жастағы тәрбиеленушәлерді оқыту нәтижелерінің болуы:
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагог мамандығының мәртебесін арттыру негізгі бағыттардың бірі болып табылады.
2022-2023 оқу жылында МАД тобында 1 педагог Амиржанова Умит Ахметовна , техникалық және кәсіптік білімімен. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан«Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті
Шағын орталықта 2 педагог, Оспанова С.Х. –арнаулы орта білімді,Кожахметова Ж.М – жоғары білімді.
Шағын орталық пен мектепалды даярлық сыныптарында "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиесі" мамандығы бойынша 3 педагог жұмыс істейді. Үлесі 100% құрады, бұл uzdik бағалауына сәйкес келеді.
Мектепке дейінгі ұйымның 3 педагогы біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, білімдерін жетілдіріп отырады.
(Тәрбиелешілердің сапалық және сандық құрамы)
Оқу жылы |
барлығы |
Педагог-шебер |
% |
Педагог-зерттеуші |
% |
Педагог-сарапшы |
% |
Педагог-модератор |
% |
Жоғары санат |
% |
1 санат |
% |
2 санат |
% |
Сапа |
2022-2023 |
3 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
1 |
33,3 |
0 |
33,3 |
33,3 |
5)тәрбиеленушілердің даму мониторингісінің (бастапқы) болуы және нәтижелерін талдау: Мектепке дейінгі білім беруде сапалы қызметті қамтамасыз етуде мектепке дейінгі жастағы балалардың біліктері мен дағдылардың маңызы зор. Мониторинг баланың біліктері мен дағдыларының даму динамикасын оның түзетуді қажет ететін ерекшеліктерін ашуға өзара әрекет ету тәсілдерін өзгертуге педагог тарапынан қамқорлықпен көңіл бөлуді ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған жүйелі бақылау ретінде қарастырылады. Мониторинг баланың түрлі кезеңдегі біліктері мен дағдыларының даму динамикасын анықтауға, педагогтың алдағы іс-әрекетін жоспарлауға,мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуына қажетті жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Мониторинг нәтижелерін алуда-балаларды бақылау, әңгімелесу,бала әрекетінің өнімдерін талдау, диагностика жағдаяттар арқылы жасалды.
2022-2023 оқу жылында шағын орталықтың кіші тобының бақылау жиынтығы:
Саны |
Дағдылар |
І деңгей |
ІІ деңгей |
ІІІ деңгей |
Бастапқы |
||||
11 |
Физикалық |
0% |
72,7% |
27,7% |
11 |
Қатынас |
0% |
90,9% |
1,1% |
11 |
Шығармашылық |
0% |
72.7% |
27.7% |
11 |
Таным |
0% |
90,9% |
1,1% |
11 |
Әлеумет |
0% |
0% |
0% |
«Физикалық» білім саласы-бақылау жиынтығы – 72.7% (II деңгей) құрады.
«Қатынас» дағды бойынша бастапқы бақылау жиынтығы – 90.9 пайызды құрады (II деңгей).
«Шығармашылық» дағдыларды бастапқы бақылаудың нәтижесінде – 72.7 (II деңгей)
«Таным» бағытындағы дағдылар бастапқы жиынтығы – 90,9% (II деңгей).
«Әлеумет» бағытындағы дағдылар бастапқы жиынтығы – 0 %
2022-2023 оқу жылында шағын орталықтың ортаңғы тобының бақылау жиынтығы:
Саны |
Дағдылар |
І деңгей |
ІІ деңгей |
ІІІ деңгей |
Бастапқы |
||||
14 |
Физикалық |
0% |
0% |
100% |
14 |
Қатынас |
0% |
10% |
90% |
14 |
Шығармашылық |
0% |
42,8% |
57,1% |
14 |
Таным |
0% |
35,7 % |
64,2% |
14 |
Әлеумет |
0% |
21,4% |
78,5% |
«Физикалық» білім саласы-бақылау жиынтығы – 100% (IIІ деңгей) құрады.
«Қатынас» дағды бойынша бастапқы бақылау жиынтығы – 90 пайызды құрады (IIІ деңгей).
«Шығармашылық» дағдыларды бастапқы бақылаудың нәтижесінде – 57,1% (IIІ деңгей)
«Таным» бағытындағы дағдылар бастапқы жиынтығы – 64,2% (III деңгей).
«Әлеумет» бағытындағы дағдылар бастапқы жиынтығы – 78,5% (III деңгей).
2022 - 2023 оқу жылында мектепалды даярлық сыныптың бақылау жиынтығы:
Саны |
Дағдылар |
І деңгей |
ІІ деңгей |
ІІІ деңгей |
Бастапқы |
||||
10 |
Физикалық |
2,0% |
43% |
55% |
10 |
Қатынас |
0,3% |
35,1% |
60,1% |
10 |
Шығармашылық |
0% |
55,4% |
44,5% |
10 |
Таным |
0,7% |
43,2% |
56% |
10 |
Әлеумет |
0,4% |
45,5% |
54% |
«Физикалық» білім саласы-бақылау жиынтығы – 55% (IIІ деңгей) құрады.
«Қатынас» дағды бойынша бастапқы бақылау жиынтығы – 60,1 % құрады (IIІ деңгей).
«Шығармашылық» дағдыларды бастапқы бақылаудың нәтижесінде ең жоғары деңгейде игерді – 55,4% (II деңгей).
«Таным» бағытындағы дағдылар бастапқы жиынтығы – 56 % (IIІ деңгей).
«Әлеумет» бағытындағы дағдылар бастапқы жиынтығы –54 % (IIІ деңгей).
6) үлгілік оқу бағдарламасына қосымшаға сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерінің (қорытынды) болуы және талдауы
2022-2023 оқу жылында шағын орталықтың кіші тобының бақылау жиынтығы:
Саны |
Дағдылар |
І деңгей |
ІІ деңгей |
ІІІ деңгей |
Қорытынды |
||||
11 |
Физикалық |
0% |
27,7% |
72,7% |
11 |
Қатынас |
0% |
45,4 % |
54,5% |
11 |
Шығармашылық |
0% |
36,3 % |
63,6% |
11 |
Таным |
0% |
45,4 % |
54,5% |
11 |
Әлеумет |
0% |
36,3 % |
63,6% |
«Денсаулық» білім саласы-бақылау жиынтығы – 72,7% (IIІ деңгей) құрады.
«Қатынас» дағды бойынша бастапқы бақылау жиынтығы – 54,4 пайызды құрады (IIІ деңгей).
«Шығармашылық» дағдыларды бастапқы бақылаудың нәтижесінде – 63,6% (IIІ деңгей)
«Таным» бағытындағы дағдылар бастапқы жиынтығы – 54,5 % (III деңгей).
«Әлеумет» бағытындағы дағдылар бастапқы жиынтығы – 63,6 % (III деңгей).
2022-2023 оқу жылында шағын орталықтың ортаңғы тобының бақылау жиынтығы:
Саны |
Дағдылар |
І деңгей |
ІІ деңгей |
ІІІ деңгей |
Қорытынды |
||||
14 |
Денсаулық |
0% |
8,2 % |
91% |
14 |
Қатынас |
0% |
21,4% |
78,5% |
14 |
Шығармашылық |
0% |
28,5 % |
71,4% |
14 |
Таным |
0% |
21,4 % |
78,5% |
14 |
Әлеумет |
0% |
21,4 % |
78,5% |
«Физикалық» білім саласы-бақылау жиынтығы – 91% (IIІ деңгей) құрады.
«Қатынас» дағды бойынша бастапқы бақылау жиынтығы – 78,5% пайызды құрады (IIІ деңгей).
«Шығармашылық» дағдыларды бастапқы бақылаудың нәтижесінде – 71,4% (IIІ деңгей)
«Таным» бағытындағы дағдылар бастапқы жиынтығы – 78,5% (III деңгей).
«Әлеумет» бағытындағы дағдылар бастапқы жиынтығы –78,5% (III деңгей)
«Физикалық» білім саласы-бақылау жиынтығы – 91% (IIІ деңгей) құрады.
«Қатынас» дағды бойынша бастапқы бақылау жиынтығы – 69% пайызды құрады (IIІ деңгей).
«Шығармашылық» дағдыларды бастапқы бақылаудың нәтижесінде –56,% (IIІ деңгей)
«Таным» бағытындағы дағдылар бастапқы жиынтығы – 66,6% (III деңгей).
«Әлеумет» бағытындағы дағдылар бастапқы жиынтығы – 63,2% (III деңгей).
Мектепалды даярлық тобы
Саны |
Дағдылар |
І деңгей |
ІІ деңгей |
ІІІ деңгей |
Бастапқы |
||||
10 |
Физикалық |
1,2% |
42,4% |
56,4% |
10 |
Қатынас |
0,2% |
34,4% |
65,2% |
10 |
Шығармашылық |
0% |
51% |
48,7% |
10 |
Таным |
0,6% |
34% |
62% |
10 |
Әлеумет |
0,3% |
38,1% |
61,5% |
«Физикалық» білім саласы-бақылау жиынтығы – 56,4% (IIІ деңгей) құрады.
«Қатынас» дағды бойынша бастапқы бақылау жиынтығы – 65,2 пайызды құрады (IIІ деңгей).
«Шығармашылық» дағдыларды бастапқы бақылаудың нәтижесінде ең жоғары деңгейде игерді – 51% (II деңгей).
«Таным» бағытындағы дағдылар бастапқы жиынтығы – 62 % (IIІ деңгей).
«Әлеумет» бағытындағы дағдылар бастапқы жиынтығы –61,5 % (IIІ деңгей).
2022-2023 оқу жылында даярлық сыныбының бақылау жиынтығы:
Саны |
Дағдылар |
І деңгей |
ІІ деңгей |
ІІІ деңгей |
Қорытынды |
||||
10 |
Физикалық |
0% |
10% |
90% |
10 |
Қатынас |
0% |
20% |
80% |
10 |
Шығармашылық |
0% |
20% |
80% |
10 |
Таным |
0% |
10% |
90% |
10 |
Әлеумет |
0% |
20% |
80% |
«Физикалық» білім саласы-бақылау жиынтығы – 90% (IIІ деңгей) құрады.
«Қатынас» дағды бойынша бастапқы бақылау жиынтығы – 80 % құрады (IIІ деңгей).
«Шығармашылық» дағдыларды бастапқы бақылаудың нәтижесінде ең жоғары деңгейде игерді – 80% (III деңгей).
«Таным» бағытындағы дағдылар бастапқы жиынтығы – 90 % (IIІ деңгей).
«Әлеумет» бағытындағы дағдылар бастапқы жиынтығы -80 % (IIІ деңгей).
10. Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын өлшемшарттар:
1) МДТО ҮОЖ белгіленген тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сәйкестігі және сақталуы;
Мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленушілердің денсаулығын, психикасын, қызығушылықтарын қорғау мақсатында базистік оқу жоспарымен қамтамасыз етілген оқу жүктемесінің барынша мөлшері сақталады. Базистік оқу жоспарының сағат саны мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарт талаптарына сай жоспарланған. Ұйымдастырылған оқу қызметі кестесі баланың жас ерекшеліктеріне денсаулық мүмкіндіктері есебінен құрылған және мектеп жасына дейінгі шағын орталығы балалардың күнделікті өмірде өзара байланысын қамтамасыз етеді. Шағын орталықта мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартына және балаларды тәрбиелеу мен оқытудың психологиялық –педагогикалық негізіне қойылған талаптарға сай жұргізілуде.
5 жасар балалардың ата-аналарына сауалнама жүргізілді. Сауалнаманы «Бозтал а. ЖОББМ» КММ тәрбиешілер 2023 жылдың 30 маусым айында мектепалды жастағы балалардың ата-аналарына арналған сауалнама (бес жастан бастап) өткізді. Сауалнама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес 5 жастан бастап жас тобы бойынша игеруге жататын білім, білік, дағды көлемінің меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған.
5 жастан бастап жас тобындағы тәрбиеленушілердің жетістіктеріне объективті мониторинг жүргізудің мақсаты мектепке дейінгі ұйымдар ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту болып табылады.
Сауалнамаға 10 оқушысының 10 ата-анаcы қатысты
«Бозтал а. ЖОББМ» КММ-сі мектепалды жастағы балалардың (бес жастан бастап) ата-аналардың сауалнамасын талдау балалардың денсаулық сақтау, танымдық, коммуникативтік-тілдік, шығармашылық және әлеуметтік дағдыларының толық қалыптасқанын көрсетті. Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың 80%-ы осы тұжырыммен «Толығымен келісемін» және «Келісемін».
Сонымен қатар 20% ата-ананың пікірінше, олардың балаларының жаңа ақпаратты кімге қызықты болатынын түсінуде және ұсынуда проблемалары бар. Диалогтық қарым-қатынастың дамуының төмен деңгейі баланың когнитивтік мәселені шешуге тырысуымен сипатталады, ал ол серіктесіне назар аудармайды, үнсіз әрекет етеді, өз іс-әрекеттеріне сирек түсініктеме береді, кейде серіктестің мәлімдемелеріне жауап береді және онымен жанжалды қатынастарға түсе алады.
Осыған байланысты педагогикалық ұжымның жұмысы мынадай:
- балалардың коммуникативтік дағдыларының деңгейін арттыру бойынша ата-аналар дәрісханасы;
- қатынас дағдыларды қалыптастыру негіздері бойынша ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бағыттарына бағдарланатын болады.
(Сауалнама қорытындысы бойынша толық талдау қоса беріледі)
11.Тәрбие мен оқу мерзіміне қойылатын талаптар:
1) жас кезеңдерін сақтау және топтарды бірдей жастағы немесе әртүрлі жастағы принцип бойынша жинақтау (осы Өлшемшарттардың 9-қосымшасына сәйкес жас топтары тізімдерінің көшірмелері қоса беріледі);
Шағын орталықта және мектепалды даярлық сыныптар бойынша жас кезеңдері сақталған, топтар бірдей жас принцип бойынша жинақталған.
Өлшемшарттың 9 қосымшасына сәйкес жылдар бойынша жас топтары тізімдері жасалып, көшірмесі қоса берілді.
2)тәрбиеленушіні 1-сыныпқа қабылдағанға дейін МДТО үлгілік оқу бағдарламасын игеру бойынша талаптарды сақтау..
Мектепке дейінгі ұйым қызметі екі кезеңге бөлінеді:
1)1 қыркүйектен 31 мамырға дейін – Үлгілік бағдарлама мазмұнын игеру кезеңі;
2) 1 маусымнан 31 тамызға дейін – жазғы сауықтыру кезеңі.
Жазғы сауықтыру кезеңіндегі жұмыс балаларды сауықтыруға, шынықтыруға, дене дамуына және өтілген бағдарлама материалын бекітуге бағытталады.
Балаларды жазғы кезеңде сауықтыру жүйесі қамтиды:
-дене-сауықтыру жұмысы (спорттық және қимылды ойындар, таңертеңгі гимнастика, сергіту сәттері, музыкалық-ырғақтық қимылдар, дербес қимыл белсенділігі, ұсақ моториканы дамыту ойындары, тыныс алу жаттығулары, көзге арналған гимнастика және т.б.);
- тиімді тамақтануды ұйымдастыру;
- шынықтыру (күннің көзіне қыздырыну, серуендер, жорықтар, жарыстар және т.б.).
Мектепке дейінгі ұйымда жаз кезеңі шығармашылық, сауықтыру мен қарым-қатынас, ойындар, сауық-кештер, бірлескен және жеке еңбек, тәжірибелік-эксперименттік әрекет түрлерін қамтиды
2-параграф. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
12. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, бастауыш,негізгі орта және жалпы орта білім беру мазмұнына өлшемшарттар:
1) Білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына және Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі- ҮОЖ) сәйкестігі. Бағаланатын кезеңге жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің көшірмелері қоса беріледі;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ЖББ үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұнын игеру;
2021-2022 оқу жылында 1-4 - сыныптар жаңартылған білім беру жүйесі бойынша білім алды және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) оқу бағдарламаларымен оқытылуда. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген № 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына (4-қосымша) өзгерістер енгізілген).https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008424
5 - 9 –сыныптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бағдарламамен оқытылады.https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008424
10- сынып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығына оқу бағдарламаларымен оқытылады.https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008424
11-сынып Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы пәндері 5-9 сыныптарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы негізінде оқытылды.https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008424
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныптардағы Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығы, 9,10-сыныптардағы құқық негіздері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығы негізінде оқытылады. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008424
Тәрбие жұмысы
3) білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру;
2022-2023 оқу жылының басында әдістемелік-нұсқаулық хат және аудандық жылдық жоспар негізінде мектептің тәрбие жұмыстарының жоспары бекітілді. Жалпы мектептің тәрбие жұмысы 8 бағыт бойынша жүргізілді:
Тәрбие үдерісі - бұл тұлғаның тәрбиелік деңгейі, ол оқушының қоршаған әлеуметтік ортамен және жалпы қоғаммен әрекеттестікке дайындығымен сипатталады. Осы дайындықты анықтау және айқындау үшін диагностика-оқушының даму үдерісі мен нәтижелеріне талдау жүргіземіз. Ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеу мақсатында сынып жетекшілер оқушының тәрбиелік деңгейін бақылады. Мектепте 1-11 сынып аралығында 11 сынып комплектісі бар, 1-4-сыныптарда 4 сынып, 5-9-сыныптарда 5 сынып, 10-11-сыныптарда 2 сынып бар , даярлық сыныбы - 1. Тәрбие жұмысын тиімділікпен ұйымдастыру мақсатында мектепте сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі жұмыс істеді. Сынып жетекшілердің барлығы бірлестік бекітілген жоспар бойынша жұмыстар атқарды. Жыл бойы мектепте төмендегідей тақырыптарға басты назар аударды.
1. Тәрбие жұмысын жоспарлау, орындалуын қадағалау, қорытындысын шығару және кемшіліктермен жұмыс жасау.
2. Жасөспірімдер арасында ұшырасатын суицид көріністерінің алдын алу, оқушылардың өмір қауіпсіздігін, денсаулығын басты назарға алу.
3. Тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттырудағы ата-аналардың рөлін арттыру, олардың мектеппен бірлесіп бір бағытта жұмыс жасауға бар күштерін салуға шақыру.
4. Жалпыға құқықтық білім беру жұмысы;
5. Жазғы жұмыс және демалысты ұйымдастыру.
4) білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көртөмендік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру;
Рухани-адамгершілік тәрбиесі бойынша негізгі міндеті адамгершілік мінез-құлық әдеттерін, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ата-аналар адамгершілік тәрбиесінде мектеппен бірлесе көптеген жұмыстар атқарады, себебі адамгершілік қасиеттер бала бойына кішкентай кезінен, яғни отбасынан бастап сіңірілуі тиіс. 1-қыркүйек Білім күніне орай балалардың білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында салтанатты жиыны өтілді. Мектепте 1-қазан қарттар күніне «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында зейнеттегі ұстаздарды құттықтап, үйлеріне барып баталарын алып, өз сыйлықтарын тарту етті. 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “Ұстаз-ұлы тұлға» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өткізілді. «Дублер күні» өтілді. Жетекшісі Шайхудинова А.С. Оқушыларды қайырымдылыққа, адамгершіллікке, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне , мейірімділікке, тәрбиелеу мақсатында «Қарттарым – асыл қазынам» атты тәрбие сағаттары өткізілді. «Қызды қымтап ұстаған ұялмайды», «Ұзын шаш-адам көркі» атты 8-11 сынып қыздары арасында кеңес өтілді. «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мектеп бітіру түлектеріне арналған салтанатты жиын өтілді. Мектептің өзін- өзі басқару жүйесі әзірленді және бірқатар жылдар бойы қызмет етіп келді. Мектеп әкімшілігі мектептің өзін - өзі басқару жұмысына қолдау көрсетеді. «ЖАС ҰЛАН» ұйымының басшылығымен мектебімізде ”Жігіт сұлтаны-2023”, «Мен –елімнің ұланымын» байқаулары өткізілді. Д.Қонаевтың 110 жылдығына орай «Ғасырдың дара перзенті» тақырыбында сынып сағаттары өтті, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушыларды адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі Қожахметова Ә.З. «Сыбайлас жемқорлық деген не?» тақырыбында 8-11 сыныптарда дөңгелек үстел өткізді. 5-11 сыныптарда «Сыбайлас жемқорлық-мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін дерт» сынып сағаттары өтті. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Секуов А.Ж. қаржылай 100000 тг, көлемінде демеушілік танытып, 2-4 сынып оқушыларына тегін буфеттік тамақтандыруды ұйымдастырды. Балаларды жәбірлеудің (буллинг) профилактикасы бойынша жасөспірімдерді адамгершілікке, мейіріміділікке тәрбиеелу мақсатында «Буллинг, кибербуллинг деген не?» тақырыбымен сынып сағаттары өтілді. Бүкіләлемдік аутизм айлығы қарсаңында мектеп психологі Асқарова М.Ж. ұстаздар арасында «Балалар аутизмі» тақырыбында дәріс оқыды. Оқушыларды достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында «Берік қарым-қатынас орнату» тренинг өткізді. Оқу жылының аяқталуына байланысты «Отан» тақырыбында, 1-4 сыныптарда, «Электр тоғының қауіпсіздігі» тақырыбында 5-11 сыныптарда сынып сағаттары өтілді. 4-сынып оқушыларымен «Қош бол, сүйікті бастауыш мектеп!» мерекесі өтілді. Балалар өздерінің төрт жыл бойы алған білімдерін, үйренген ән-билерін ортаға салып тамаша кеш өткізді. Мектеп бітіруші түлектерге арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өтілді. Жалпы рухани-адамгершілік бағыты бойынша барлық шаралар жоғары деңгейде өз уақытында өткізіліп, талдау жасалынды, себебі рухани тәрбие адамгершіліктің бастауы, адамгершілік қасиеттердің қайнар көзі.
Азаматтық, патриоттық тәрбиесі бағытында оқушыларға ҚР мемлекеттік рәміздерін бағалап, ҚР Конституциясын құрметтеуге баулу жұмыстары атқарылды. Ана тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті нығайту, өз құқықтары мен міндеттерін біле келе жауапкершілікті сезіну, өз Отанының патриоты болуға тәрбие беру міндеттелді. «Адалдық сағаты» акциясы бойынша «Шындыққа жаны жақын Төлеген Қажыбай» атты адалдық сағаты 5-11 сыныптарда өтілді. Ел Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіз елім-тірегім» тақырыбында 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтілді. Кітапханашы Секуова А.Т. «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, танымдық сағат жүргізді. Тарих пәнінің мұғалімі Қожахметова Ә.З. «Ел тарихы-жер тарихы» атты дөңгелек үстел өткізді. Өзін-өзі басқару ұйымының тәлімгері Ристан Е. «Тәуелсіздік-елімнің еркін жолы» диалог алаңын 8-9 сыныптарда өткізді. Көркем еңбек мұғалімі Хумар А. «Мен және менің елім» тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырды. «Ұстаз-ұлы тұлға» ұстаздар күні мерекесіне арналған іс-шара өз деңгейінде өтілді. Ұйымдастырған 11-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Шайхудинова А.С. Оқуға құштар мектеп жобасы бойынша «А.Байтұрсынұлы- дәуірдің жарық жұлдызы», «А.Байтұрсынұлы –Алаштың рухани көсемі» қазақтың аса көрнекті қайраткері А. .Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған сыныптан тыс жұмыстар атқарылды. «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Ұлттың рухани ұстазы» тақырыбында жалпықазақстандық диктант жазба жұмысы ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары арасында 1-8 сынптарда «Тіл тағдыры-ел тағдыры» атты мәнерлеп оқу сайысы өтілді. М.Әуезовтың 125 жылдығына арналған сынып сағаттары 5-11 сыныптарда өтілді. Қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың жүз жылдығына орай сынып сағаттары 1-11 сыныптарда өтті. М.Мақатевтың туған күніне байланысты «Қазақтың ақиық ақыны-М. Мақатаев» тақырыбында 5-11 сыныптарда сынып сағаттары өтілді. 25 қазан Республика күніне орай жоспарға сәйкес «Менің елім-Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары 1-11 сыныптарда жүргізілді. «Қыран елім-Қазақстан» тақырыбында 1-5 сынып оқушылары мәнерлеп өлең оқыды. «Қазақ халқының патриоттық рухын дәріптейтін Ілияс Есенберлин» адалдық акциясы барысында адалдық сағаты 8-11 сыныптарда өтілді. Қазыбек Келдібекұлының 335 жылдығына орай 8-11 сыныптарда сынып сағаттары өтілді. «Бала құқығы-адам құқығы» онкүндігі аясында «Менің құқығым және міндеттерім» тақырыбымен 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтілді. Мектептің өзін-өзі басқару ұйымы 1-4 сыныптарда «Менің азаматтық құқығым» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс жүргізді. «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі Қожахметова Ә.З. «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында 9-11 сыныптарда дөңгелек үстел өткізді. «Балалар өкілеттігі» клубының ұйымдастыруымен құқықбұзушылық түсінігі және түрлері туралы диалог алаңы 8-9 сыныптарда өтілді. Тәлімгер Ристан Е. жетекшілігімен Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың 16 күні жаһандық науқаны аясында «Отбасы дағдарысы» тақырыбымен 7-8 сыныптарда дебаттық пікір сайысы өтілді. «Отбасы-өмір айнасы, Отбасы құндылығы» тақырыптарында 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтілді. Көркем еңбек мұғалімі Хумар А. «Балаға мейірімді Қазақстан» тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырды. Жергілікті уәкіл инспекторы Искаков А.Т қатысуымен мектеп оқушылары мен қызметкерлері арасында құқықбұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Мектеп бойынша қауіпсіз қозғалыс бағыты» тақырыбында 1-11 сыныптарда диалог алаңы өтілді. Құқықбұзушылыққа байланысты «Заңды бұзу-заман талабы» тақырыбымен 5-11 сыынптарда сынып сағаттары өтілді. Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 34 жыл толуына орай 8-11 сыныптарда сынып сағаттары өтілді. Аудан көлемінде өткен әскери эстафеталық ойынға мектебіміздің бес оқушысы қатысып, әрбір эстафета бойынша марапаттарға ие болды. Жетекшісі АӘД мұғалімі Байқалған Е. Құқықбұзушылыққа байланысты оқушылар арасында өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі Ристан Е. «Қоғамдағы тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» тақырыбында 8-9-10 сыныптарда танымдық сағатын өткізді. Зорлық-зомбылықтың және кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсүғылмаушылығына қарсы қылмыстардың профилактикасы бойынша мектеп психологі Асқарова М.Ж. «Ерте жүктіліктің салдары» атты тақырыпта 7-11 сыныптарда түсіндірме жұмысын жүргізді. 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне байланысты «Мен-елімнің ұланымын» тақырыбында «Жас Қыран» ұйымы ер балалар арасында байқау ұйымдастырды. 5-7 сынып оқушылары қатысып, белсенділік танытты. Мектеп кітапханашысы Секуова А.Т. «Отан қорғау-сенің борышың» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. 8-10 сынып ер балалары арасында АӘД жетекшісі Байқалған Е. «Жігіт Сұлтаны-2023» байқауын өткізді. Сайыста өзінің алғырлығымен, шапшаңдығымен және өнерлілігімен алға суырылып шыққан 9-сынып Саулебек Бақбол 1-ші, Қайырбек Арман 2-ші, 10-сынып, Бопалаков Абдурахим 3-ші 8-сынып алды. Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті Ерейментау ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» РММ-нің номер 21-0730-1411-97 шығыс хаты негізінде ұйымдастырылған «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында сурет салу байқауына 3-ші сынып оқушысы Жанжігіт Ж. қатысып, 3-ші орын және арнайы сыйлықтарға ие болды. Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Ер жігіт-ел қорғаны» тақырыбымен 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтілді. 9-мамыр-Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында 1-11 сыныптарда оқушыларды елжандылыққа, батылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Біз батырлармен мақтанамыз» атты сынып сағаттары өтілді. ДТІЖО Сақтағанова Р.Ж. жетекшілігімен жас ұрпақты отансүйгіштікке, ардагер аталарды құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында мектептің өлкетану мұражайының материалдарын қолдана отырып, «Бізге өмір сыйлаған» тақырыбында мұражайда диалог алаңы өткізілді. «Жырлаймыз ұлы Жеңісті» 1-11 сыныптарда ән байқауы өтілді. «Бізге бейбіт өмір сыйлаған» тақырыбында жергілікті мұражай материалы бойынша слайд көрсетілді. Ардагер аталарды бір минут үнсіздікпен еске алдық. Байқау нәтижесі бойынша 8-сынып 1-ші, 3-сынып 2-ші, 2-сынып 3-ші орындарға ие болды. 8-сынып оқушылары Ережепов С., Муханбетжанова Ш., Бопалаков А. «Менің атам майдангер» тақырыбымен челлендж жасады. Кітапханашы Секуова А.Т. «Ұлы Жеңістің тарихы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, 5-8 сыныптарда танымдық сағат өткізді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы «Ұлы Отан соғысы туралы кітап оқу» акциясын ұйымдастырды, 1-8 сынып оқушылары белсене қатысты. Сәуір айында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізіліп «Жасөспірімдер арасындағы бұзақылық» тақырыбында АПБ инспекторы аға лейтенант А.Т.Искаков баяндама оқып, тәрбиенің бастауы отбасында екені, яғни бала үшін ең алдымен ата -анасы жауапты екендігі тағы да ескертілді. Жиналысқа 65 ата - ана қатысып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанова Р.Ж. «Бала тәрбиесі жауапты іс» тақырыбында сөз сөйледі, мектеп психологы Асқарова М.Ж. «Буллинг, кибербуллинг» атты баяндамаларын оқыды, ата-аналар өз ойларын ортаға салды. Мектеп тәлімгері Ристан Е. «Буллинг деген не және оның қандай түрлері бар?» тақырыбында 5-9 сынып оқушыларымен түсіндірме жұмысын жүргізді. 31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есек алу күніне орай 5-11 сыныптарда сынып сағаттары өтілді. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық істердің алдын алу мақсатында: «Мектептегі әлімжеттілік» тақырыбына 5-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынып, әңгімелесу жұмыстары жүргізіліп қорытындысы бойынша мектепте жоғарғы сынып оқушылары арасында күш көрсететін, бопсалауға бейім оқушылардың жоқ екендігі анықталды. Мұғалімдердің, психологтың, оқушылар арасында қауіпсіз қарым-қатынас орнату бойынша бірлескен жүйелі жұмысы жолға қойылған. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша педагогикалық ұжымның, оқушылардың алаңдаушылық деңгейін айқындау бойынша бірнеше жұмыстар атқарылды. Мектепте оқушылардың жүгінімдері мен ұсынымдарына арналған сенім жәшігі орналасқан, жәшікте ешқандай арыздар мен шағымдар келіп түскен жоқ. ҚР Рәміздерін бағалауға «Мен Рәміздерді қастерлеймін», «Менің Рәміздерім- ұлт мақтанышы», «Менің Отаным- Қазақстан», «Отаным-бақыт ордасы», «Мен Отанымның ұланымын» сияқты тәрбие сағаттары, 1-8 сыныптарда, «Ата Заңым - ардағым» атты тәрбие сағаттары 9-10-11 сыныптарында өткізілді. Жалпыға бірдей құқықтық оқу аптасы аясында тарих пәні мұғалімі Қожахметова Ә.З. «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында 7-10 сыныптарда дөңгелек үстел өткізді. «Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықпен мектеп оқушыларын танстыру» тақырыбында 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтілді. Халықаралық балалар сенімі телефоны күні аясында 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті. “Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі ММ-нің №385 шығыс хаты негізінде мектеп персоналына, оның ішінде күзет жұмыскерлеріне алгоритмдерге (іс-қимылдар мен міндеттерге) сәйкес мектеп оқушыларына нұсқаулық берілді. АӘД жетекшісі Байқалған Е. қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау оқу-жаттығуын өткізді. «Ақмола облысы Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің №359 шығыс хаты негізінде жергілікті уәкіл инспекторы Искаков А.Т. мектеп оқушыларымен 5-11 сыныптарда жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша кездесу өткізіп, түсіндірме жұмысын жүргізді.
Көркем-эстетикалық тәрбиесі бағыттары жаңа мазмұнда енгізілген бағыттар. Әлеуметтік –мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру бағыты бойынша адам - ең жоғарғы құндылық екенін оқушыға түсіндіру болып келеді. Ең ұлы жеңіс өзіңді-өзің жеңу, өзіне - өзі ие бола білген адам ғана барша жұрттан күшті. Әрбір адамның қоғамдағы алатын өзіндік мәртебесі, өз орны бар екеніне сендіру. Осыған орай бұл бағыттар бойынша бірнеше жұмыстар қамтылды. Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тілім менің- тірлігімнің айғағы» атты мерекелік концерт 1-11 сыныптарда өтілді. Оқушыларымыз аудандық «Ақберен» байқауына қатысып, «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Ережепов С. 3-ші, 9-сынып оқушысы Маханбетова А. «Эссе жазу» номинациясы бойынша 3-ші орын алды. Аудандық Абай оқуы байқауында 9-сынып оқушысы Айтжан М. «Өлең сөздің патшасы- сөз сарасы» номинациясы бойынша бас жүлде, 2-сынып оқушысы Құттыбек М. «Суреттер сыр шертеді» номинациясы бойынша 1 орынға ие болды. «Абайды ұмытпаймыз» тақырыбында 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтілді. Абай атамыздың өлеңдеріне арналған сурет көрмесі1-4 сыныптарда ұйымдастырылды. Оқушылар «Абай» клубына саяхат жасады. «Ақмола дарыны» ұйымдастырған «Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңі бойынша «Өлең сөздің патшасы-сөз сарасы» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Айтжан М. 1-ші орынға қол жеткізді. 2022 жылғы Күзгі кубок КТА ойынында «Үздік актер» номинациясы 8-сынып оқушысы Сағын М., «Ең музыкалды» номинациясы бойынша «Ойнап айтам» КВН командасы, «Үздік қонақ» номинациясы бойынша КВН командасы марапатталды. «12» жартылай финал КТК ойынына КВН командасы қатысып, финалға жолдама алды. Жаңа жылдық жасыл шырша тойы 1-11 сыныптарда өтілді. Әр сынып қабырға газеттерін шығарды. Оқушылардың білімдерін саралау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында 8-9 сыныптарда тәлімгер Ристан Е. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын өткізді. Аудан көлемінде аумақтық «Екі жұлдыз» байқауына 8-сынып оқушылары Сағын М., Қариден Қ. қатысып 1-ші орын, мұғалімдеріміз Байқалған Е., Жолжақсы Ш. М.Мақатев әндерін орындау бойынша 2-ші орын алды. «Алтын жүрек» челленджі арқылы 8-сынып оқушылары әр сала қызметкерлеріне алғыс білдірді. «Ләйлім шырақ» аудандық ән байқауына Байқалған Е. қатысып жүлделі 3-ші орын алды. Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек еткен ұстаз орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жолдаспева Гүлзия Сабырқызын еске алуға арналған жас оқырмандардың аудандық байқауына 9-сынып оқушысы Маханбаетова А. қатысып, жүлделі 1-ші орынға ие болып, І дәрежелі дипломмен марапатталды, «Инабатты ару» номинациясына қол жеткізді. Ғарышкерлер күні аясында оқушылардың ғарыш, ғарышкерлер туралы түсініктерін жетілдіру, ғарыш әлемі және құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Ғарыш қырандары» тақырыбымен 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтілді. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбайұлының шығармашылығын бүлдіршіндер арасында дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған бастауыш сынып бойынша Абай клубы мүшелері арасында аудандық «Абай оқулары» атты байқауында «Өлең сөздің патшасы-сөз сарасы» номинациясында 2-сынып оқушысы Бақытқажы Нұршырақ 2-ші, «Суреттер сыр шертеді» номинациясы бойынша 2-сынып оқушысы Құттыбек М. 3-орынға ие болды. Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай кітапханашы «Қазақ елі-бірлік ордасы» тақырыбымен кітап көрмесін ұйымдастырып 1-4 сыныптарда түсіндірме сағатын жүргізді. Барлық сыныптарда 1-11 сыныптарда «Достық күні», «Бірлік сабақтар» тақырыбымен сынып сағаттары өтті. «Әрқашан бейбітшілік болсын» қабырға газеттері шығарылды және сурет көрмесі ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптарда. «Бір шаңырақ астында» челленджі жасалды, 8-сынып. Кітапханашы Секуова А.Т. «Мың бір мақал» сайысын 5-6 сыныптармен өткізді. Аудан көлемінде өткен «Ару қыз-2023» байқауына 9-сынып оқушысы Маханбетова А. қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Жетекшісі Ристан Е. «Бейбітшілік ел тірегі» атты Қазақстан халықтарының ұлттық билерінен фестиваль өтті. Нәтижесінде 4-сынып. өзбек, 8-сынып ұйғыр, 5-сынып неміс, ең үздік деп танылды. Көктемгі іріктеу атты 7-8-10 сынып оқушылары арасында аудандық пікір сайыс турнирінен дебатқа қатысып, Алғыс хатпен марапатталды: Серік А., Серікбек А., Тайшыбай Қ. «Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институты» Коммерциялық емес Акционерлік қоғамының №09-38142 шығыс хаты негізінде оқушылардың кәмелетке толмағандар арасындағы мәселесіне аударуға бағытталған негізде мектеп оқушылары «Менің мектебім буллингке қарсы!» жалпы республикалық флешмобқа қатысты. Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында республикалық «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» тақырыбы аясында «Бақыт. Күн. Достық-балаларға» атты спорттық флешмобқа қатысты. Мақсаты: білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін дәріптеу. Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында республикалық «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» тақырыбы аясында отбасылық дәстүрлерді сақтау мақсатында «Балалар мен ата-аналар бақытты» флешмобына Қырықбаевтар отбасы қатысты. 1 маусым Балаларды қорғау күніне «Бақытты балалық шақ» тақырыбында мереке ұйымдастырылды. Балалар өз өнерлерін көрсетті. Жеке шаруа қожалықтары балаларға демеушілік танытып, тәттірлер үлестіріп таратты. Мектебіміздің «Ойнап айтам» КВН командасы финалға қатысып, ауданнан 2-ші орын, Маханбетова А. «Үздік. Первый голос» номинациясына, КВН командасы «Үздік фан-база» номинациясын ие болды.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбиесі міндеті табиғат тағдыры үшін тұлғаның жауапкершілік сезімін қалыптастыру, жанашырлық сезімін ояту, адам мен қоршаған ортаның біртұтастығын сана- сезімдеріне дағдыландыру. Көгалдандыру айында мектебімізде ата – аналардың, оқушылардың, ұстаздардың көмегімен бірнеше жұмыстар атқарылды. Мектеп ауласында, мектепке бөлінген аймақта сенбілік өткізіліп ақтау, тазарту жұмыстары жасалып тұрды. География пәні мұғалімі Кульжаханова А.Ж., биология пәні мұғалімі Байқалған Е. жетекшілігімен 6-7 сынып оқушылары мектеп алаңында көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастырып, гүлдер отырғызды. Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында көркем еңбек мұғалімі Хумар Алиман «Тәуелсіздікке тарту» атты қолөнер көрмесін ұйымдастырды. Балалардың қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген қызығушылығын тәрбиелеу мақсатында «Шебер қолдар» акциясы ұйымдастырылды, оқушылар арасында бас киім тақия тігу және қолөнер бұйымы бойынша қамшы өру жұмыстары жүргізілді. Еңбек, экономика және экологиялық тәрбие бағытында міндетті нарықтық экономиканың негізгі заңдары жайлы білімдерін қалыптастыру, жасөспірімдердің өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын игере отырып көзделген мақсатқа жетуді, шыдамдылықты қалыптастыру болып табылады. Мектепте ортаңғы буын оқушылары арасында «Шебердің қолы ортақ», бастауыш сыныптарда «Көктем гүлдері» тақырыбында қолөнер байқауын, «Менің таңдаған мамандығым» сұрақ- жауап кешін, «Мамандығым -мақтанышым» түсіндірме сағатын өткізе отырып кітапханадағы ескі кітаптарды түптеп, беттерін түгендеу жұмыстарын, өз сынып бөлмелеріндегі мүлікке жауапкершілікпен қарап, «Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан» тақырыбында 1-11 сыныптарда тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Дүниежүзілік тазалық күні экологиялық акциясы барасында мектеп ұжымы сенбілікке шығып, белсенділік танытты. «Табиғат күні. Бұл жер сенікі және менікі» тақырыбында экологиялық экскурсия өтілді. 11-сынып оқушыларымен «Ортақ жеріміз» атты интеллектуалды ойын өтілді.
Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесінде алға қойылған міндеті оқушы бойында теріс әсерлерге қарсы тұра алу қабілетін қалыптастыру, дене еңбегі, психикалық, әлеуметтік және рухани ауытқушылық туралы түсініктерін қалыптастыру болып табылады. Осы міндетті орындау барысы аясында біршама іс-шаралар өткізілді: Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде ер балалар арасында өткен аймақтық мини футболдан ер балалар екінші орынға ие болды. Туберкулез күніне орай «Туберкулезден сақтана білейік» тақырыбында 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтілді. СПИД-пен күрес күніне «СПИД-ғасыр індеті» тақырыбында 5-11 сыныптарда сынып сағаттары өтілді. Балалар жылы аясында «Ақмола облысы білім басқармасы ММ-нің 2022 жылғы 06-036506 шығыс хаты негізінде мектеп оқушылары арасында шахмат ойыны бойынша олимпиада өтілді. Дене шынықтыру мұғалімі Даулов Е.С. Тәуелсіздік мерекесіне орай ұстаздар мен оқушылар арасында волейболдан жарыс өтілді. Нәтижесінде ұстаздар командасы 1-ші, 10-сынып оқушылары 2-ші, 11-сынып оқушылары 3-ші орындарға қол жеткізді. Жас ұрпақты ұлттық ойындарды дәріптей білуге тәрбиелеу мақсатында 5-8 сынып оқушылары арасында «Тоғызқұмалақ» ойынынан, 9-11 сынып оқушылары арасында «Арқан тарту» ойындары өтілді. Оқушылар белсене қатысып, қызығушылық танытты. Дене шынықтыру мұғалімі Даулов Е.С. Бастауыш сынып оқушылары арасында «Асық ату», «Бес асық» ойындары өтілді. Нәтижесінде 3-4 сынып оқушылары жақсы көрсеткіштерге ие болды. Дене шынықтыру мұғалімі Рахимова Қ.Г. Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде өткен аймақтық жарысқа волейболдан қыздар командасы қатысып, 1-ші орынға ие болды. 11-сынып оқушысы Бекжігіт Дилара «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды. «Ұлттық ойын-ұлт игілігі» спорттық ойындар бойынша жұмыстар жүргізілді. Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде өткен аймақтық жарысқа волейболдан ұлдар командасы қатысып, 1-ші орынға қол жеткізді. Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу мақсатында Өлеңті, Бозтал ауылының жасөспірімдері арасында «Көкпар» ойыны ұйымдастырылып өтілді. Оқушыларды тазалық сақтай білуге тәрбиелеу мақсатында 4-сыныпта «Мен үйде тазалық ережесін қалай сақтаймын?» тақырыбында сынып сағаты өтілді. Сынып жетекшісі Тулеубаева Р.А. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 3-сыныпта «Денсаулық-зор байлық» тақырыбымен сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі Жумабекова М.С. 1-сыныпта Қолғанат А. «Тазалық- денсаулық кепілі» атты сынып сағатын өткізді. 3-сыныпта «Жарыс элементтері бар ойындар» атты дәріс өтілді. Рахимова Қ.Г. Деен шынықтыру және спорт бағыты бойынша аудандық әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес 5-6,7-8 сынып оқушылары арасында ұлттық мектеп лигасының бағдарламасы бойынша аудандық «Тоғызқұмалақ» ойыны жарысына оқушылар қатысып, үшінші орын алды. Бір мезетте шахмат ойнау Республикалық челленджіне ұстаздар мен оқушылар қатысып белсенділік танытты. Балаларды қорғау күні қарсаңында республикалық «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» тақырыбы аясында «Бақыт. Күн. Достық-балаларға» атты спорттық флешмобқа қатыстық. Оқушыларды зиянды заттардан аулақ болуға, салауатты өмір салтын насихаттауға тәрбиелеу мақсатында «Нашақорлық -ХХІ ғасыр дерті» атты сынып сағаттары 1-11 сыныптарда өтілді.
Отбасы тәрбиесі бойынша міндеті балалардың өз туыстарының кемшіліктеріне шыдамдылық көрсетуін қалыптастыру, өзін отбасының тең құқылы бір мүшесі ретінде сезінуіне, ересек адам ретінде отбасында пікір айта алуына дағдыландыру. Ата – аналар оқу сапасын арттыру бойынша іс –шаралар өткізуге ат салысты, мысалы, бастауыштың 1 сынып оқушыларының қатысуымен «Тілашар», «Қош бол, Әліппем», мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылып бала мен ата-ананың байланысы нығайды. Мектептің, ата –аналардың бірлескен қызметін жоспарлап, ата – аналар оқу сапасын, баланың қауіпсіздігін қадағалау мақсатында ата –аналарға жадынамалар жіберіліп, 1 - 4 сыныптар бастауыш сыныптардың мұғалімдері тарапынан «Мектеп. Бала. Ата-ана» үштік одақ жобасы барысында «Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында тәрбие бойынша аудандық семинар өтілді. «Отбасы-бақыт мекені», «Сырғалы қыз, Әкеге қарап ұл өсер» диалог алаңдары, «Ұлттық қолөнер-халық қазынасы» атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. «Атадан балаға мирас болған қолөнер» шеберлік сағаты өтілді. «Өнерлі жастар- болашақ өркені» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жоғары дәрежеде өтілді. 8-наурыз мерекесіне орай қыздарды мейірімділікке, аналардың шексіз еңбектерін бағалай білуге, ананы сүю арлылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында «Аялайық ананы!» тақырыбында қыздар мен аналардың қатысуымен сайыс өтілді. Ұйымдастырған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанова Р.Ж. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанова Р.Ж. жетекшілігімен 2022 жылы қыркүйек айында «Үштік Одақ жобасы: Мектеп. Бала. Ата-ана» аясында отбасы тәрбиесіне орай отбасы клубымен бірлескен ата-аналар үшін ашық есік күні өтілді. «Отбасы-бақыт мекені», «Отбасы-орта мектеп», «Отбасы құндылықтары» тақырыптарында 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтілді. Ата-аналар пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысты. Балаларының білім деңгейін байқады. Мектеп кітапханашысы Секуова А.Т. «Оқуға құштар мектеп» жобасы: «Кітап ақылына ақыл сұрамайтын алтын қазына» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, түсіндірме жұмысын жүргізді. «Отбасындағы баланың қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп психологі Асқарова М.Ж. психологиялық тренинг өткізді. Ата-аналармен кері байланыс жасалып, ата-аналардың пікірлері айтылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанова Р.Ж. жетекшілігімен 2022 жылы қазан айында ата-аналар үшін ашық есік күні өтілді. Бұл күні ата-аналар сабақтарға қатысып, балаларының білім деңгейін көріп, пән мұғалімдерімен жеке кездесті. «Отбасы-өмір айнасы» тақырыбында өткен сынып сағаттарына қатысты. Мектеп кітапханашысы Секуова А.Т. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ата-аналармен «Балаңызбен қалай кітап оқисыз?» тақырыбында сауалнама жүргізді. Мектеп психологі Асқарова М.Ж. «Күзгі демалыс кезіндегі баланың қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді, психологиялық тренинг өткізді. Ата-аналарға ақыл-кеңестер ұсынды. Ата-аналармен кері байланыс жасалды, сол күнгі іс-шаралар бойынша ой-пікірлерін қорытты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанова Р.Ж. жетекшілігімен 2022 жылы қараша айында ата-аналар үшін ашық есік күні өтілді. Бұл күні ата-аналар сабақтарға қатысып, балаларының білім деңгейін көріп, пән мұғалімдерімен жеке кездесті. «Отбасы құндылықтары» тақырыбында өткен сынып сағаттарына қатысты.Ашық есік күні бойынша «Бала мен ата-ана арасындағы қарым- қатынас» тақырыбында видеоролик тамашаланды. Отбасы клубымен бірлесе отырып, әже мен келіндердің, қыздардың қатысуымен «Сырғалы қыз» диалог алаңы өтілді. «Әкеге қарап ұл өсер» диалог алаңында әкелі-балалы өзінің шыққан тегі бойынша сұхбат беріп, шежіремен таныстырды. «Атадан балаға мирас болған қолөнер» бойынша танымдық сағаты өтті. 8-сынып оқушысы Қайырбек Алтынай әжесімен қазақтың бас киімі тақия тігуді көрсетсе, әкелі-балалы Бағдат пен Бақбол қамшы өрудің түрлерімен сыр бөлісті. Ата-аналармен кері байланыс жасалды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанова Р.Ж. жетекшілігімен 2022 жылы желтоқсан айында ата-аналар үшін ашық есік күні өтілді. Бұл күні ата-аналар сабақтарға қатысып, балаларының білім деңгейін көріп, пән мұғалімдерімен жеке кездесті. «Менің отбасым» тақырыбындағы сынып сағаттарына қатысты. «Ана көрген-тон пішер, әке көрген- оқ жонар» ата-ананың отбасындағы рөлі диалог алаңына қатысты. Кітапханашы Секуова А.Т. «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Мектеп психологі Асқарова М.Ж. тренинг өткізді. Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі зор екенін айтып өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанвоа Р.Ж. ата-аналарды оқушылардың қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, бейнеролик көрсетті. Ата-аналармен кері байланыс жасалды. Отбасы тәрбиесі бойынша «Аялы алақан» отбасы клубымен бірлесе отырып, 2023 жылы қаңтар айында ата-аналар үшін ашық есік күні өтілді. Ашық есік күні барысында 2022-2023 оқу жылында оқушылардың қол жеткізген жетістіктері бойынша «Біздің жетістіктеріміз» атты көрме ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар дебат клубының жетекшісі Кульжаханова А.Ж. және өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі Ристан Е. Ата-аналар пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысты. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ата-аналар мектеп кітапханасында кітапханашы Секуова А.Т. жетекшілігімен балаларға қандай кітаптар оқу қажет екендігін айтып, балалармен отбасы болып кітап оқудың қыр-сырымен таныстырып өтті. «Білімді ұрпақ-ел болашағы» тақырыбында оқу ісінің орынбасары Абыкеева Б.Қ. ата-аналарға оқушылардың білім сапасының көрсеткіштері бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанова Р.Ж. «Әйелдер әңгімесі» диалог алаңы бойынша «Қызды қымтап ұстаған ұялмайды» тақырыбында ата-аналар мен 8-11 сынып қыздарымен диалог алаңы жұмысын жүргізді. Мектеп психологі жыныстық қатынасқа байланысты ата-аналарға қажетті деген кеңестер берді және психологиялық тренинг өткізді. Ашық есік күні ата-аналармен кері байланыс жасалып, ата-аналар өз пікірлерімен бөлісті. Ашық есік күнін ұйымдастырған мектеп әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді. Отбасылық қарым-қатынас клубтарының отырыстары бойынша кәмелетке толмағандардың арасындағы қатыгез қарым-қатынастың алдын алу бойынша «Отбасындағы психологиялық ахуал» тақырыбында мектеп психологі ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ақыл-кеңестер берді. Мектеп оқушыларымен жиналыс өткізді. Отбасы күніне орай «Отбасы-бақыт мекенім» 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтілді.
Ұлттық тәрбиесі бойынша. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанова Р.Ж. жетекшілігімен Үштік Одақ жобасы аясында, 1-наурыз Алғыс айту күні қарсаңында 2023 жылы ақпан айында ата-аналар үшін Ашық есік күні өтілді. Ашық есік күні Ұлттық құндылықтарды сақтау, ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру. Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Ата-аналар күнін өткізу бағдарламасы бес алаң бойынша құрылды. 1-алаң: «Алғыс айту алаңы» бұл алаң бойынша әр сыныпта «Мың алғыс, ата-ана!» тақырыбында сынып сағаттары өтілді. 2-алаң: «Баламның білімі және оқу сапасы» ата-аналар балаларының сабақтарына қатысты. 3-алаң: «Оқырмандар алаңы» «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ата-аналар мектеп кітапханашысымен кездесіп, балаларының қандай кітаптар, қандай шығармалар алып оқитыны туралы ой бөлісті. 4-алаң: «Психологиялық тренинг» болды, мектеп психологі ата-аналармен тренинг өткізді, ата-аналар белсенділік танытты. Осы алаңда жоспарланған «Бұрым бойжеткеннің көркі» атты диалог алаңы өтті. 5-алаң: «Кері байланыс» болды. Ашық есік күніне қатысқан ата-аналар осы күнді ұйымдастырған ұйымдастырушы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына өз ризашылықтарын білдірді. Сынып сағаттары мен сабақтар өткізген сынып жетекшілер мен пән мұғалімдеріне өздерінің алғыстарын білдірді. Наурыз мерекесіне орай кітапханашы Секуова А.Т. «Наурыз-асыл айым» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, оқушылармен танымдық сағатын өткізді. Бір мезетте «Күй орындау» республикалық челленджіне мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі Шакиртхан К. қатысып, «Ерке сылқым» күйін орындады. «Наурыз-балалар мерекесі» атты бөлімде оқушылар бір-біріне ұлттық нақыштағы сыйлықтарды сыйға тартты. Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі қарсаңында «Ұлттық тағамдар» фестивалі өтіп, барлық сыныптар дастархан жайып, белсенділік танытты. Көркем еңбек мұғалімі Хумар А. қолөнер көрмесін ұйымдастырды. Дене шынықтыру мұғалімі Даулов Е.С. және бастауыш сынып мұғалімдері Қолғанат А., Жолжақсы Ш. ұлттық ойындар: «Арқан тарту» 9-11 сынптарда, «Тоғызқұмалақ» 5-8 сыныптарда, «Асық ату», «Бес асық» бастауыш сыныптарда өтілді. «Наурыз-ұлыстың ұлы күні» айдарымен сурет көрмесі ұйымдастыырлды. Жолжақсы Ш., Қолғанат А. «Отбасы-бақыт мекені» атты отбасылық құттықтау бейнероликтері дайындады, 3-сынып Жумабекова М.С., 4-сынып Тулеубаева Р.А. «Өзін-өзі басқару ұйымы» Ристан Е. және мектеп президенті Маханбетова А. Барлық іс-шаралар әлеуметтік желіге жүктелді. Ұлттық тәрбиеге байланысты Наурыз мейрамына орай «Армысың, әз Наурыз» тақырыбында барлық сыныптарда сынып сағаттары өтілді. Дене шынықтыру мұғалімі Даулов Е.С. және бастауыш сынып мұғалімдері Қолғанат А., Жолжақсы Ш. ұлттық ойындар өткізді. Мектеп ұжымы және оқушылар Наурыз мерекесі қарсаңында «Мектепке ұлттық нақыштағы киіммен» акциясына қатыстып,бір апта бойы ұлттық нақыштағы киімдерді киіп, оқушылар арасында ұлттық киімді қастерлей білуге тәрбие берді. Балалардың қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген қызығушылығын тәрбиелеу мақсатында «Шебер қолдар» акциясы ұйысдастырылды, оқушылар арасында бас киім тақия тігу және қолөнер бұйымы бойынша қамшы өру жұмыстары жүргізілді. Көркем еңбек мұғалімі Хумар А. 1-11 сыныптарда «Ана-өмірдің шуағы» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бойынша әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңестік қалыптастыру мақсатында «Өзін-өзі басқару» ұйымының отырысы өткізіліп, мектеп президенті етіп 9- сынып оқушысы Маханбетова Аружан сайланды. «Мамандықтар әлемі» 9-сыныпта әңгіме сағаты, «Мен таңдаған мамандық» 11-сыныпта пікірлесу сағаты, «Менің ата-анамның мамандығы» тақырыбында бастауыш сыныптармен танымдық сағаттары өтілді. «Кім болам?» тақырыбы аясында 9 – 11 сынып оқушыларына институт, колледж мамандарымен кездесу, кәсіби бағыт- бағдар беру жұмыстары ұйымдастырылып, оқушылар түрлі сұрақтар қойып жауаптарын алды. Нәтижесінде оқушылар қазіргі заман талабындағы кәсіби мамандықтар туралы білімдерін кеңейтті, жаңа мамандықтар туралы танысты. Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 9 сынып оқушылары және ата –аналармен бірлесіп Ерейментау қаласы № 8 агротехникалық колледждің жұмысымен танысып, мамандықтары қазіргі заманға жоғары сұранысқа ие екенін білді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес зияткерлік, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар жүйесі болды. Балалардың сыныптан тыс жұмысқа қатысуын ынталандыру жүйесі бар. Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылады және оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған. Ерейментау ауданындағы мектептер арасында өткен дебат турниріне «Шапағат» дебат клубы мүшелері Ережепов С., Шыңгілбай Қ., Тайшыбай Қ. алғаш рет қатысып, Алғыс хатқа ие болды.
Тәрбие жұмысының жоспары қосымша берілген (осы жерге тәрбие жоспарын енгізу)
5) Мектепте сыныптан тыс бағыты бойынша: «Жас суретшілер», «Біз - табиғат қорғаушылары», «Математика әлемінде», «Тіл-асыл қазына» үйірмелері, дене тәрбиесін қамтамасыз ету мақсатында волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ секциялары ұйымдастырылған.
№ |
Үйірме, секция, клуб атаулары |
Өткізілетін сыныбы |
Қамтылған оқушылар саны |
2 |
«Жас суретшілер» үйірмесі |
2 |
13 |
3 |
«Біз табиғат қорғаушылары» үйірмесі |
3 |
14 |
4 |
«Матемаика әлемінде» үйірмесі |
4 |
18 |
5 |
«Тіл-асыл қазына» үйірмесі |
1 |
10 |
6 |
«Шапағат» дебат клубы |
8-9-10 |
37 |
7 |
Волейбол |
8-9-10-11 |
47 |
8 |
Үстел теннисі |
7 |
17 |
9 |
Тоғызқұмалақ |
5-6 |
26 |
(Үйірме, секция, клуб жұмыс кестелері қосымша берілген)
Тәрбие жұмысының жоспары қосымша берілген
5) білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейі);
10-11 сыныптар жаратылыстану-математика бағытында оқытылды.
6) ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру
2022-2023 оқу жылында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушы болған жоқ.
7) ЖББ ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстарын іске асыру (бағаланатын кезеңге вариативтік компонент сабақ кестелерінің көшірмелері, сонымен қатар зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар қоса беріледі);
1-сыныпта – 1 сағатты;
2-сыныпта – 1 сағатты;
3-сыныпта – 1 сағатты;
4-сыныпта – 1 сағатты құрады
5-9 сыныптарда вариативтік компонент сағаттары «Жаһандық құзыреттер» курсын оқуға бөлінді.
5-сыныпта – 0,5 сағатты;
6-сыныпта – 0,5 сағатты;
7-сыныпта – 0,5 сағатты;
8-сыныпта – 0,5 сағатты құрады
9- сыныпта- 1сағатты құрады
10,11 сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша вариативті компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі жалпы орта білім беру деңгейін құрайды:
10 сыныпта-2 сағат;
11 сыныпта-2 сағат.
Оның ішінде 1 сағат «Жаһандық құзыреттер» курсын оқуға бөлінді.
2022-2023 оқу жылында вариативті компонентінен төмендегі курстар енгізілді:
Сыныбы |
Вариативті компонент |
Тақырыбы |
1 |
Белсенді қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар |
«Балалар әдебиеті» |
2 |
Белсенді қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар |
«Тіл және әдебиет» |
3 |
Белсенді қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар |
Шебер сөйлеуге баулу |
4 |
Белсенді қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар |
«Әдебиет әлемі» |
5 |
Жаһандық құзыреттілік немесе таңдау бойынша басқа курстар |
Парасаттылық және әдеп |
6 |
Жаһандық құзыреттілік немесе таңдау бойынша басқа курстар |
Туған жер экологиясы |
7 |
Жаһандық құзыреттілік немесе таңдау бойынша басқа курстар |
Эмоционалды интеллект және сыни ойлау |
8 |
Жаһандық құзыреттілік немесе таңдау бойынша басқа курстар |
Медиасауаттылық |
9 |
Жаһандық құзыреттілік немесе таңдау бойынша басқа курстар |
Зайырлылық және дінтану негіздері |
10 |
Жаһандық құзыреттілік |
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері |
10 |
Элективті курстар |
Физика менің өмірімде |
11 |
Жаһандық құзыреттілік |
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері |
11 |
Элективті курстар |
Физика есептерін шығару |
8) "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" міндетті оқу курсын зерделеу.
2022-2023 оқу жылы бойынша «Өмір қауіпсіздігі негіздері» оқу курсын оқыту міндетті болып табылады. 1-3 сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағатты, 4 сыныптарда 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімінң оқытуымен іске асырылады.5-9 сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады. Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26- наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің оқу орындарының базистік оқу жоспары басшылыққа алынды.
"Өмір қауіпсіздігі негіздері" интеграцияланған білім беру бағдарламасы "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" оқу курсы шеңберінде іске асырды.
10 сыныптарға жылдық оқу жүктемесі 12 сағат, 11 сыныптарда жылдық оқу жүктемесі – 16 сағатты құрайды. (оқыту алғашқы әскери дайындық пәні мұғалім-ұйымдастырушысының оқытуымен жүзеге асырды.) және сабақ уақытында жүргізілді. Барлық пән мұғалімдеріне қатысты "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" күнделікке тақырыптары енгізілді.
Сыныбы |
қыркүйек |
қазан |
қараша |
желтоқсан |
қаңтар |
ақпан |
наурыз |
сәуір |
мамыр |
1 |
08 д/тан 21д/ш |
|
|
23 д/ш |
20 д/ш |
|
30 д/тан |
04 д/ан |
|
2 |
12 д/ тану |
|
|
|
|
27 д/тану |
03 д/ш 15д/тан |
26 д/ш |
18 д/ш |
3 |
15д/т |
|
09 ж/т 24д/т |
|
|
|
02,25 д/ш |
|
18д/ш |
4 |
05 к/е 20 д/т |
04 д/т |
|
20д/т |
10,31 д/т |
07 д/т 20 к/е |
|
18 д/т |
11 ж/т |
5 |
01,05,07,08 |
|
07,09,10,11 |
|
09,11,12 |
|
27,29,30 |
03 |
|
6 |
02,05,07,09 |
|
07,09,11 |
|
09,11,13,16 |
|
29,31 |
03,24 |
|
7 |
01,05,06,08 |
|
07,08,10 |
|
09,10,12 |
|
27,28 |
24,25,27 |
|
8 |
01,02,06,08 |
|
08,10,11 |
|
10,12,13,17 |
|
28,30,31 |
04 |
|
9 |
02,02,05,07 |
|
09,07,11 |
|
09,11,13,16 |
|
27, 29, 31 |
03 |
|
10 |
23 |
14 |
11 |
02 |
|
|
09 |
06,13,20 |
04,11,18,25 |
11 |
29 |
|
18 |
09 |
13 |
03,17,24 |
03,17 |
14,21,28, |
05,12,19,26 |
9) "Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсын іске асыру;
2022-2023 оқу жылында «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы негізінде "Жолда жүру ережелері" оқу курсының мазмұны 2 тарау §1 25 тармақ, §2 39 тармақтарын басшылыққа алынып 1-4 сыныптарда 6 сағаттан, 2 тарау §135 тармақ, §2 48 тармағын басшылыққа алынды. «Жолда жүру ережелері» 5-8 сыныптарда 10 сағаттан сынып сағатында өткізілді.
Сыныбы |
қыркүйек |
қазан |
қараша |
желтоқсан |
қаңтар |
ақпан |
наурыз |
сәуір |
мамыр |
1 |
13,19 |
|
29 |
13,27 |
|
14 |
|
|
|
2 |
13,20 |
|
|
06 |
24 |
07 |
|
|
02 |
3 |
13,20 |
|
15 |
27 |
24,31 |
|
|
|
|
4 |
13 |
11 |
22 |
06 |
|
|
|
25 |
16 |
5 |
06 |
11 |
27 |
31 |
07 |
28 |
11,18 |
|
23,30 |
6 |
13 |
18 |
22 |
06,27 |
17,31 |
21 |
28 |
|
16 |
7 |
08,20 |
11 |
15 |
06,21 |
31 |
21 |
28 |
|
30 |
8 |
13,20 |
18 |
|
27 |
24 |
21 |
28 |
04 |
23,30 |
10) Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 30721 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сақтау.
Мектептің педагогикалық ұжымының сапалық және сандық құрамының анализі мектептің қажетті оқу-педагогикалық потенциалымен толық қамтылған. Мектепте ҚР мемлекеттік стандартымен қарастырылған барлық пәндер жүргізіледі. Педагогтердің жеке іс-құжаттары, еңбек кітапшалары талапқа сай келеді, мектепте мамандар есебі жүргізіледі. Мұғалімдердің жеке істері, еңбек және санитарлық кітапшалары талаптарға сәйкес. Педагогикалық ұжымның сапалық және сандық құрамның талдауы мектепте қажетті оқу-педагогикалық потенцалдың барлығын көрсетеді, мектепте тұрақты ұжым құрылған.
Қазіргі таңда
Бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің сапалық құрамы
Оқу жылы |
барлығы |
Педагог-шебер |
% |
Педагог-зерттеуші |
% |
Педагог-сарапшы |
% |
Педагог-модератор |
% |
Сапа |
2022-2023 |
5 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
2 |
40 |
0 |
Бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан педагог-зерттеушілер, педагог-сарапшылардың үлесі 0%.
Негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру деңгейіндегі педагогтердің сапалық құрамы
Оқу жылы |
барлығы |
Педагог-шебер |
% |
Педагог-зерттеуші |
% |
Педагог-сарапшы |
% |
Педагог-модератор |
% |
Жоғары санат |
% |
1 санат |
% |
Сапа |
2022-2023 |
14 |
0 |
0 |
0 |
0 |
5 |
36% |
9 |
64% |
1 |
7 |
0 |
0 |
43% |
Негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі - 43 %.
Педагог кадрлардың біліктілік арттырудан өткені туралы мәліметтер саны (2018,2019,2020,2021,2022ж)
жылы |
Барлық педагогтар |
Пәндік құзіреттіліктерін дамыту |
Инклюзив |
Цифрлық құзыреттілік |
PISA есептерін шығару |
2019,2020, 2021, 2022,2023 |
17 |
14 |
1 |
17 |
2 |
Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.
Мектеп бойынша асхана 60 орынға арналған. Асханада ас даярлайтын бөлме, ас ішетін бөлме, ыдыс жуатын жер, асхана жабдықтары тұратын бөлме, аспазшылар бөлмесі және 2 қойма бар.
Ас ішу залында үстелдер, орындықтар, қол жуатын раковина (ыстық сумен қамтылған), қол кептіретін құрал, сұйық сабын, қоқыс салатын жәшік орналастырылған. Асханада «Асыңыз дәмді болсын!» тақтасы, ақпараттық стендтер ілінген. Meктеп асханасында 1 аспазшы, 1 аспазшы көмекшісі бар. Асхана қызметкерінің білім дәрежесін растайтын құжаттары бар. Санитарлық кітапшалары талапқа сай, медициналық тексерістен уақытылы өткен. Жұмыс барысында халат, фартук, орамал, екінші аяқ киім киеді. Ас пісіру барысында қолдарына арнайы резеңке бес саусақты қолғап киеді. Ауыстырып отыруға халат, фартук, орамалдары екі данадан бар. Ас дайындау барысында, асхана ішінде санитарлық талаптарды орындайды.
Тұрмыстық техникадан келесі тіркелді:
Электр плитасы - 2 дана
Электр пеші – 1 дана
Үш камфорлы электр плитасы - 1 дана. Барлық плиталардың пештері жұмыс жасайды.
Тоңызытқыш (мұздатқыш камерасымен) - 2 дана
Өлшеуіш құрал (электрлі) - 1 дана
Мұздатқыш- 1 дана
2022-2023 оқу жылы бойынша мектеп контингентін 137 оқушы құрап отыр және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 қаңтардағы қосымша № 949 «Білім беру объектілеріне қойылған санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарды сатып алу» қағидаларын бекіту бұйрықтарын орындау негізінде жалпыға бірдей міндетті білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтануымен қамтамасыз етуде мектеп бойынша 6 оқушы және 1- сыныптың 10 оқушысы тамақтанып отыр.
Жинақталған құжаттар:
Тамақтану объектісінің санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды 28.04.2022 ж № 46
Мектеп 1982 жылы қолдануға берілген. Типтік үлгідегі ғимарат 340 оқушыға арналып салынған. Үш қабатты. Жалпы алаңы-2653,1. Жұмыс ауданы-1337,6. Оқыту тілі – қазақ тілі, жұмыс реті - бір ауысымда оқытылады. Қазіргі таңда 137 оқушы білім алуда.
Оқу кабинеттері қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен жабдықталған.Мектеп ғимаратында су және жылу жүйесі орталықтандырылған, жағдайы қанағаттанарлық. Мектеп жылы дәретханалармен жабдықталған. Ер бала-қыз балаларға арналған 2 дәретхана жұмыс жасап тұр. Жылы сумен (бойлермен) жылытылады..
Мектепті жаңа оқу жылына дайындау мақсатында мектепті ағымды жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп турады.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 14 бейне бақылау, оның ішінде ішкі -9 бейнебақылау, сыртқы-5 бейнебақылау орнатылған. Қауіпсіздік шаралары аясында арнайы күзет бар. Өрт қауіпсіздігі жүйесі жұмыс жасайды. Қауіпсіздік сигналы бар.
Мектептің материалдық – техникалық базасы қанағаттанарлық. Мектептің ішкі, сыртқы санитарлық жағдайы, мектеп ауласының көгалдандырылуы талапқа сай. Мектеп ғимаратының іші-сырты, сынып бөлмелері, зертханалар, комьютер сыныбы т.б. санитарлық талапқа сәйкес жабдықталған.
Мектеп мұғалімдері, оқушылар және техникалық қызметкерлер техника және өрт қауіпсіздік ережелерімен толық таныстырылған.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу пәндері кабинеттерімен; интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныппен; оқу-зертханалық жабдықтармен жарақталуы.
Барлық кабинеттер саны -15 және 1 шеберхана
1) Жаңа модификациядағы биология кабинеті – 1. №13 2009 жылы алынған. 1 комплект дербес компьютері бар. Көрнекілік стендтермен, таблицалармен, үлестірмелі материалдармен жабдықталған.
2) Қазақ тіл мен әдебиеті кабинеті -2. №4 кабинет Интерактивті тақта, 1 комплект дербес компьютері бар. Көрнекілік стендтермен, таблицалармен, үлестірмелі материалдармен жабдықталған.
3) Математика кабинеті – 2,№15 кабинет интерактивті тақта, 1 комплект дербес компьютері бар. Көрнекілік стендтермен, таблицалармен, үлестірмелі материалдармен жабдықталған.
4) Алғашқы әскери даярлық кабинеті-1. №11 Көрнекілік стендтермен, таблицалармен, үлестірмелі материалдармен жабдықталған.
5) Информатика кабинеті - 1, №17 1 дербес компьютер комплекті (процессор, тышқан,монитор,пернетақта) 6 компьютер, 16 ноутбук, қауіпсіздік ережесі, ақпараттық түсіндірме стендтерімен жабдықталған.
6) Физика кабинеті- 1. №16 Көрнекілік стендтермен, таблицалармен, үлестірмелі материалдармен жабдықталған, экран, 1 дербес компьютермен жабдықталған.
7) Тарих кабинеті – 1, №6 кабинет. Көрнекілік стендтермен, таблицалармен, үлестірмелі материалдармен жабдықталған.
8) орыс тілі кабинеті – 1,№5. Көрнекілік стендтермен, таблицалармен, үлестірмелі материалдармен жабдықталған.
9) ағылшын тілі кабинеті – 1. №11. Көрнекілік стендтермен, таблицалармен, үлестірмелі материалдармен жабдықталған.
10) Бастауыш сыныптар - 4. №2,№7,№8,№9 Бір кабинетте дербес компьютер комплектісі және проектор бар. Балаларға арналған жеке шкафтармен жабдықталған.
11) География кабинеті– 1 кабинет. №10 Көрнекілік стендтермен, таблицалармен, үлестірмелі материалдармен жабдықталған.
12) Шеберхана -1. Қауіпсіздік ережелері, көрнекілік таблицаларымен жабдықталған.. Қолданбалы еңбекке баулу кабинетіне ағаш жонуға араналған 1 дана станок, темір жонатын 1 дана станок орнатылған, қауіпсіздік ережесі, ақпараттық түсіндірме стенді, 5 дана оқушы партасы, 10 орындық, жазу тақтасымен жабдықталған.
Дене шынықтыру залы (218,9 м2), шешінетін орын, оқытушылар бөлмесі,спорт инвентарь қоятын бөлме бар. Жарықтандырылған, волейбол, баскетбол сеткалары, 1 дана волейбол добы, 1 дана футбол, 1 дана баскетбол доптары, тоғызқұмалақ -4 дана, шашка-шахмат-1 дана, теннис үстелі 1: 2 дана ракетка,теннис шары -1, 2 дана канат арқаны.
Медициналық кабинеті лицензия №16015557 10.10.2016 жылы берілген, жазу үстелі, орындық, кушетка 1 дана, медициналық шкаф 1, канцелярлық үстел 1 дана, шыны қақпақпен медициналық үстелі 1, тоназытқыш-1, тонометр, фонендоскоп, бактерицидтік шам, медициналық таразы, ростометр, вакцинаға арналған термоконтейнер,үстел шамы, қайшылар, жуынатын раковина , дезинфекциалық заттар (қоры 3 айға жеткілікті) кеңсе құжаттары (журналдар - 21 медициналық құжаттар жинақталған),кішкентай бикс1 дана,үлкен бикс 1 дана,сантиметрлік лента1дана, т.б.
Кітапханада кітап қоры- 5600 дана, оның ішінде жаңа буын оқулықтары- 2626, көркем әдебиет саны- 2974, жаңа буын-3222, электронды оқулықтар- 12 дана, оқырмандар саны- 175, кітапхана көлемі 75 кв.м
13. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар:
1) білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкестігі және сақталуы;
2022-2023 оқу жылдарында білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативтік, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 19,5 сағаттан, 2-сыныпта – 24 сағаттан, 3-сыныпта – 26 сағаттан, 4-сыныпта – 26 сағаттан, 5-сыныпта – 28.5 сағаттан, 6-сыныпта – 28,5 сағаттан, 7-сыныпта – 31,5 сағаттан,8-сыныпта – 31,5 сағаттан, 9-сыныпта – 34 сағаттан, 10-сыныпта – 34 сағаттан, 11-сыныпта – 34 сағаттан асқан жоқ. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар толығымен орындалды.
2) білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ЖББ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталды;
Білім алушылардың инвариантты және вариативтік компоненттерден тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленеді. Апталық оқу жүктемесі ҮОЖ-да (инвариантты және вариативті компоненттер) анықталған оқу жұмыстарының барлық түрлерін қамтыды:
Оқу жылдары |
Компонент |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
|
2022-2023 |
Инвариантты |
18,5 |
23 |
25 |
25 |
28 |
28 |
31 |
32 |
33 |
32 |
32 |
|
Тереңдетілген деңгей |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
||
Стандарттық деңгей |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
||
Вариативтік |
1 |
1 |
1 |
1 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
1 |
2 |
2 |
||
Барлығы |
19,5 |
24 |
26 |
26 |
28,5 |
28,5 |
31,5 |
32,5 |
34 |
34 |
34 |
||
3) сыныптарды, оның ішінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау.
2022-2023 оқу жылында 4-сыныпта -20 оқушы. 8- сыныпта 17 оқушы. Топқа бөлу "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығының 57-тармағына сәйкес жүргізілді:
Топқа бөлініп оқытылды 4 және 8 сыныпта:
1) ағылшын тілі;
2) информатика жүргізілді;
Топтарға бөлінген сыныпта инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар оқыған жоқ.
14. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
1) ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген бастауыш,негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудан күтілетін нәтижелер) (білім алушыларды қорытынды аттестаттау хаттамалары қоса беріледі);
1-11 сыныптарда оқу процесі жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады. Әр пән бойынша ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілген және ұзақ мерзімді жоспарда күтілетін нәтижелер оқу мақсаттары түрінде нақты көрсетілген. Күтілетін нәтижелердің (оқу мақсаттарының) тақырыптық мазмұнға сәйкес нақыталануы білім алушыларда пәндік білім мен дағдыларды нақты оқу материалы негізінде қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
9,11-сыныптарда жыл соңында қорытынды аттестаттау жүргізілді.
Оқужылы |
Сыныбы |
Оқушы саны |
қатысқаны |
Пәні |
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
% |
2022-2023 |
9 |
10 |
10 |
Математика |
2 |
4 |
4 |
- |
60 |
10 |
10 |
Қазақтілі |
6 |
3 |
1 |
- |
90 |
||
10 |
10 |
Орыстілі |
5 |
2 |
3 |
- |
70 |
||
|
|
Таңдау пәндері |
|||||||
6 |
6 |
биология |
3 |
2 |
1 |
- |
83 |
||
|
1 |
1 |
ағылшын тілі |
1 |
- |
- |
- |
100 |
|
|
2 |
2 |
қазақ әдебиеті |
2 |
- |
- |
- |
100 |
|
|
1 |
1 |
информатика |
- |
1 |
- |
- |
100 |
|
11 |
10 |
10 |
Алгебра және АБ |
1 |
2 |
7 |
- |
30 |
|
10 |
10 |
Қазақстан тарихы |
4 |
2 |
3 |
- |
60 |
||
10 |
10 |
Қазақтілі |
5 |
4 |
1 |
- |
90 |
||
10 |
10 |
Орыстілі |
1 |
4 |
4 |
- |
60 |
||
|
|
Таңдау пәндері |
|||||||
1 |
1 |
География |
- |
1 |
- |
- |
100 |
||
5 |
5 |
Биология |
- |
4 |
1 |
- |
80 |
||
3 |
3 |
Физика |
1 |
2 |
- |
- |
100 |
||
|
|
1 |
1 |
Информатика |
1 |
- |
- |
- |
100 |
2022-20223 оқу жылында қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімненкейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2023 жылғы 13 сәуірдегі №96 бұйрығы басшылыққа алынды.
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13137 болып тіркелген) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау;
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау формативті және жиынтық бағалау нысанында жүзеге асырылды. Бағалау нақты бөлім/ортақ тақырып бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін қадағалау негізінде әрбір оқу пәні бойынша оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары жүйесіне сәйкес жүзеге асырылды. Білім алушылардың білімнің міндетті төменгі шекті көлемі мен олардың шеберлігі мен дағдылары қамтылған оқу пәндерінің базалық деңгейін меңгеруін анықтайтын жаңартылған бағдарламамен оқитын барлық сыныптарда бөлім бойынша жиынтық бағалаулар және тоқсандық жиынтық бағалаулар жүргізілгендігін растайтын материалдар бар, жинақталған.
Тексеру кезінде бөлім, тоқсандық бойынша жиынтық бағалау алынып, тексеріліп, электронды журналға баллдары қойылған. Мұғалімдердің БЖБ, ТЖБ өткізу кестесі құрылған.
Тоқсандық және бөлім бойынша жиынтық бағалаудағы балдарды қою критерийі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес.
мұғалімдерінің жоспарлары жасалып, сол жоспар бойынша бөлім бойынша, тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмыстары жүргізілді.
Мектепте ағымдық бағалаудың, тоқсандық және жылдық бағалардың бар болуы «Kundelik. kz» электронды журналы арқылы зерделенді.
2022-20223 оқу жылында 1-11-сыныптар жаңартылған бағдарлама бойынша оқытылды.
1-сынып оқушыларының оқу жетістіктері "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 373 бұйрығының 14 –тармағына сәйкес бағаланған жоқ.
2-11-сыныптарда БЖБ, ТЖБ жүргізілді, баллдары мен бағалары журналға қойылған.
2022-2023 оқу жылында барлық сыныптар бойынша БЖБ, ТЖБ баллдары мен бағалары тексерілді.
3) Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген бастауыш,негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29031 болып тіркелген) МЖМБС талаптарына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім берудің (дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу) талаптарын орындау:
Инклюзивті білім беру қажеттілігі биылғы оқу жылында болған жоқ
15. Оқу мерзіміне өлшемшарттар:
1) Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі – төрт жыл.
Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі – бес жыл.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – екі жыл.
2) Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта – 35 оқу апта, 2-4-сыныптарда 36 оқу аптасын құрады. Күнтізбелік жылдағы каникулдың ұзақтығы кемінде 115 күнді құрады, оның ішінде оқу жылында кемінде - 25 күн. Каниулдар оқу жылында үш рет – күзде, қыста және көктемде берілді. 1-сыныптың білім алушылары үшін үшінші тоқсанда ұзақтығы бір апта болатын қосымша каникул уақыты берілді
Оқу жылының ұзақтығы – 36 оқу аптасы. Күнтізбелік жылдағы каникул уақытының ұзақтығы кемінде 115 күнді, оның ішінде оқу жылында кемінде 25 күнді құрады. Каникулдар оқу жылында үш рет – күзде, қыста және көктемде берілді
10-11-сыныптардағы оқу жылының ұзақтығы 36 оқу аптасын құрайды. Күнтізбелік жылдағы каникулдың ұзақтығы кемінде 115 күнді құрайды, оның ішінде оқу жылында кемінде 25 күн. Оқу жылы ішінде үш рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. Каникулдың нақты мерзімін Қазақстан Республикасы білім саласының уәкілетті органы белгілейді
Мектеп директоры Г.Т.Сергазинова
Комиссия мүшелері: Б. К.Абыкеева
Р.Ж.Сактаганова
Р.С.Шариязданов
А.Т.Секуова