Қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстары туралы ақпарат
«Мектепке жол!» акциясы барысында «Қамқоршылық» кеңесінің отырысы өтілді, кеңеске ата-аналар өтініші мен құжаттар ұсынылды. Құжаттар арнайы құрылған комиссияға тапсырылды. Аудандық комиссия шешімімен : Аз қамтылған күн көрісі төмен отбасының бір баласы 3-сынып. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған екі баланың 8-9 сынып оқушылары құжаттары қаралды. Комиссия шешімі бойынша үш оқушы жаппай оқу қорынан көмек алуға ұсынылды.
Нәтижесінде үш оқушыға жаппай оқу қорынан оқу-құралдары, портфель, мектеп формасы, спорт киімі берілді.
Сондай-ақ отбасы төмен 9-сыныптың бір оқушысына, 7-сыныптың бір оқушысына «Ақ-жол» демократиялық партиясы қолдау көрсетіп, мектепке қажетті оқу- құралдармен, кеңсе тоуарларымен, портфельмен қамтамасыз етті.
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі ауыл әкімі Мұқанов Қ.С. 1-сыныпқа келген он үш оқушыға мектеп құралдарын сыйға тарту етті.
Орындаған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сақтағанова Р.Ж.